- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери ұшқыштар алғаш рет түнгі уақытта сыртқы ілмекте жүкпен ұшуларды орындады (ФОТО)
Әскери ұшқыштар алғаш рет түнгі уақытта сыртқы ілмекте жүкпен ұшуларды орындады (ФОТО)
Аталмыш ұшулардың негізгі мақсаты «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесін қамтамасыз ету мен өткізуге ұшу экипаждарын дайындау болып табылады. Түнгі мезгілде сыртқы ілмекте жүкпен ұшуларды орындау түнде «БЕМБИ» су ағызатын құрылғымен өрт сөндіруге ұшуларға ұшу құрамын дайындауда аралық буын болып табылады. Күндізгімен салыстырғанда түнгі жағдайдағы ұшулардың бірқатар ерекшеліктері бар.
Олардың ішінде жер бетінің нашар жарықтандырылуы, бағдарлардың көрінуінің нашарлауы, жасанды жарықтандыру кезінде бағдарлардың көрінетін конфигурациясының шынайыға сәйкес келмеуі, жарық беретін бағдарларға дейін (адам көзі құрылысының физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты) қашықтықты көз мөлшермен анықтауда елеулі ағаттықтардың пайда болуы, ұшудың навигациялық элементтерін айқындау дәлдігінің төмендеуі және көкжиек қалпының сызығын анықтау нақтылығының төмендеуі. Сыртқы ілмекте жүкпен ұшу кезінде электр беріліс тораптары, ағаштар және т.б. сияқты жасанды кедергілерді ескеру қажет.
Өткізілген оқу-жаттықтыру ұшулары барысында бірқатар ұшқыш баға жетпес тәжірибе жинақтап, түнде сыртқы ілмекте жүкпен ұшуға рұқсат алды. Атап айтсақ, ол ұшқыш-инспектор полковник Дастан Бейсенбинов, қауіпсіздік бөлімінің аға инспекторы подполковник Еркін Нәкішев, армиялық авиацияның авиациялық эскадрилья командирі подполковник Ардақ Нұғыманов. Ұшу құрамынан басқа мұндай ұшуларды қамтамасыз етуде эскадрильяның инженерлік-авиациялық қызметі, әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету, парашюттік-десанттық қызметтің жеке құрамы мол тәжірибе жинақтады.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан кейін вакцина алуы керек -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды