• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада БАҚ және қоғамдық өкілдері мемлекеттік қызмет жаңа моделінің мәселелерін талқылады

Астанада БАҚ және қоғамдық өкілдері мемлекеттік қызмет жаңа моделінің мәселелерін талқылады

22 Қараша, 2013 17:57
Бүгін,22 қараша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі журналистерге «Мемлекеттік қызметті реформалау: ішкі түйін және аймақтық БАҚ-тағы көрінісі» деген тақырыпта семинар ұйымдастырды. Семинар Еуропа Одағының «Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» Жобасы қолдауымен жүзеге асты., деп агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Семинар жұмысына Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы БАҚ өкілдері, Павлодар облысы мемлекеттік қызметкерлері, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдармен өзара ықпалдасу және ынтымақтасу бойынша Қоғамдық Кеңес мүшелері, Тәртіптік Кеңес мүшелері қатысты», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасы Алихан Байменов конкурстық процедуралар ашықтығы механизмі, сыбайласқан жемқорлықпен күрес, «командалық көшуді» азайту мен өзге де аспектілерге қатысты аймақ журналистері жиі қоятын сауалдар негізінде жаңа мемлекеттік қызмет моделінің негізгі қағидаларын түсіндірді.

Агенттік  жетекшісі мемлекеттік органдардың қоғаммен бірлесе  әрекет етуінің және «мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырудың, жұртшылықты мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг жасауға кеңінен тартудың» маңыздылығын атап өтті. Агенттік пен оның өңірлік департаменттері жанынан мемлекеттік қызмет сапасы бойынша Қоғамдық Кеңес құрылған.

Сонымен бірге Агенттік қасынан кеңесетін орган – мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі Сарапшылар кеңесі жұмыс істейді. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыру курстары ауқымында оқу бағдарламасына «Мемлекеттік қызмет БАҚ көзімен» атты курс енгізуге тапсырма берілген.

«Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» Жобасының жетекшісі Джордж Мирогияннис мемлекеттік қызметті дамытудың заманауи үдерістеріне, Қазақстанның мемлекеттік қызметті модернизациялаудағы озық еуропалық тәжірибені қолдану мәселелеріне тоқталды.

 

Барлық жаңалықтар