ЕҚДБ ОҚО-да 1 млн еуродан астам қаржыға 180 жобаны қаржыландырды (ФОТО)

24 Мамыр, 2016 09:16
Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президенті Бетси Нельсонды қабылдады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Кездесу барысында аймақ басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары үшін Нельси ханымға алғысын білдірді.

Сондай-ақ, облыс əкімі өңірдегі  ауылшаруашылық логистиканы дамыту, әлеуметтік инфрақұрылыммен (газ, су, электр, жол) жабдықтау, суғару жүйелері жұмыстарын жүргізу сынды жобалар мен шағын жəне орта бизнесті дамыту бойынша әріптестік байланыс орнатуға шақырды.

Өз кезегінде  Бетси Нельсон бүгінгі күнге дейін аталған банк тарапынан  Оңтүстік Қазақстандағы 180 жобаға 1 млн. еуродан астам қаржы салынғанын жеткізді.

Барлық жаңалықтар