• Басты
  • ОҚО-ң 40 тұрғыны еліміздің солтүстік аймағына көшуге ниет білдірді

ОҚО-ң 40 тұрғыны еліміздің солтүстік аймағына көшуге ниет білдірді

24 Мамыр, 2016 08:59
Сарыағаш ауданында «Серпін» бағдарламасы жайында ақпараттандыру мен насихаттау туралы отырыс өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімдігі.

ОҚО мәслихатының хатшысы Қ.Айтөреев және мәслихат депутаттары қатысқан жиында ішкі көші-қонды реттеу арқылы өңір тұрғындарын Солтүстікке қоныстандыру туралы бастама айтылды. Шара барысында Сарыағаш ауданы әкімі Б.Парманов ауыл жастарын солтүстік өңірлерге барып, ауыл шаруашылығындағы озық технологиялармен жұмыс жасап, тың жерлерді игеруге шақырды. Аталған жиынға қатысқан аудан тұрғындары бағдарламаға үлкен қызығушылық танытып, сауалдарына тиісті жауаптарын алды. Ұсынысты жүзеге асыру мақсатында Солтүстік өңірлерінің тыныс-тіршілігімен танысып қайту үшін жұмысшы топ құрылып, жергілікті 40 азамат Сарыарқа төсіне аттанды. Теріскейге қоныстануға ниет білдірген бұл тұрғындар Солтүстік Қазақстанның табиғатымен танысып, жұмыс таңдауына мүмкіндігі бар.

Барлық жаңалықтар