Депутат Асхат Бекенов «Ауыз су» салалық бағдарламасын сынға алды

22 Қараша, 2013 17:40
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Асхат Бекенов «Ауыз су» салалық бағдарламасын сынға алды.

«2002 жылы «Ауыз су» көпсалалық бағдарламасы енген болатын. Оның жүзеге асуына 195 млрд теңге бөлінді. Бірақ бағдарламаға енген ауылдардың жартысына да ауыз су жетпегендері бар. Құқық қорғау және құзырлы органдар қаржы тиімсіз қолданғанын анықтады», - деді А. Бекенов.

Депутат осы орайда бірнеше мысал келтірді.

«Ақтөбе облысындағы «Хлебодаровка» кенті облыс орталығына жақын орналасқанымен, ол ауылдың тұрғындары әлі күнге дейін өркениет игілігіне қол жеткізе алмай отыр, себебі оларға таза ауыз судың «ауылы» алыс болып тұр. Адамдар ауылдағы жұмыс істеп тұрға жалғыз колонкадан суды үйлері флягамен, шелекпен тасиды. негізі бұл ауылда су құбыры желісі тартылған, бірақ орнатылған ондаған колонканың біреуі ғана жұмыс істеп тұр», - деді ол.

«Ақтөбе облысында бүгінгі таңда 300-ге тарта елді мекен су құбыры желісіне мұқтаж, ал алты ауылдың жағдайы тым мүшкіл, себебі ол ауылдарға ауыз су басқа жақтан тасымалданады. Сумен қамтамасыз етуге ондаған миллион бюджет қаражаты жұмсалғанына қарамастан, кейбір өңірлерде су тіптен сатылатын көрінеді. Уәкілетті органдар жүргізген тексерулердің барысында, конкурстарды ұйымдастырушылардың жекелеген шаруашылық субъектілеріне «бүйректері" бұратындығы анықталып отыр»,- деді ол өз сөзінде.

 

 

Барлық жаңалықтар