• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлт жоспары: Семейде тауарлы сүт өнімін дамыту үшін бизнес жобалар жүзеге асырылуда

Ұлт жоспары: Семейде тауарлы сүт өнімін дамыту үшін бизнес жобалар жүзеге асырылуда

23 Мамыр, 2016 18:04
Шығыс Қазақстанның аграрлық саласын кеңейтуде сүт пен сүт өнімдерін өндіру бойынша облыстық бағдарлама аса мәнге ие. Аталмыш бағдарлама Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 60-61 қадамдарына сәйкес келеді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Биыл сүт өнімін ұлғайту нәтижесінде Семей қаласының агросекторы облыстағы үздік орындар қатарында тұр. Бұл қалада  сүт пен сүт өнімдерін өндіру бойынша қалыптасқан жұмыс бар екенін көрсетті.

«Көпежан» фермерлік шаруашылығына 200 сиыр ІҚМ асырау  бизнес-жобасын жүзеге асыру үшін суармалы жерлер бөлінді. «ҚазАгроқаржы» есебінен 50,6 млн теңгенің техникасы мен қондырғысын сатып алу жоспарланған», - делінген хабарламада.

«Нұр» ШҚ осы жылдың екінші жартысында сүт өңдейтін қондырғыны орнатуды жоспарлауда. Сүт тауарлы ферманы осы жылдың қазанында іске қосу қарастырылған.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар