- Басты
- Жаңалықтар
- Индустрияландыру картасы жобасы 6 жылда 6,2 трлн. теңгенің өнімін өндірді – ҚР ИДМ
Индустрияландыру картасы жобасы 6 жылда 6,2 трлн. теңгенің өнімін өндірді – ҚР ИДМ
«Индустриалды бағдарламаның жүзеге асырылуы экономиканы әртараптандырудың негізін қалады. Алғашқы бесжылдықтағы басты жетістік, бұл ең керекті заңнамалық базаны құру мүмкін болды. Оның алғашқы кезеңін жүзеге асыруда 50-ден астам заңға түзетулер енгізіліп, 3 жаңа заң дайындалды. Бұл «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «АЭА туралы», «Энергия тиімділік пен энергияны үнемдеу туралы» Заң жобалары»,-делінген хабарламада.
Осылайша, 5 жылда өңдеу секторына 17,6 млрд. АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл оның алдындағы бес жылдықтан 3 есе артық.
Бұдан бөлек, инфроқұрылым мәселелері шешілді: 4000 шақырым автомобиль жолдары салынды және жаңғыртылды. 1700 шақырым темір жол салынды. Бизнесті қолдауда арнайы бағдарламалар дайындалды.
«Барлық нақты секторларда, көліктік, энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларда 6 жылда 8 700 шағын, орта және ірі компанияларға қолдау көрсетілген. Бұның барлығы 193 мыңнан астам жаңа жұмыс орынын құруға мүмкіндік берді»,-деп хабарлады ведомство.
Министрлік атап өткендей, Қазақстанда жемісті жұмысбастылық пен еліміздің көптеген аймақтарында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа индустриалды база пайда болды.
«Индустьриалды карта кәсіпорындарының басым бөлігі тұрақты жұмыс істеп жатыр. Олар 1 трлн. теңгенің өнімін экспорттап та үлгерді. Біздің кәсіпорындар Иран, Қытай, Ресей және алыс шетелдердің нарығына шығады. 2010-шы жылдан бастап жүзеге асқан индустрияландыру картасы бағдарламасының жобаларында осы күнге дейін 6,2 трлн. теңгенің өнімі шығарылған. Олардың ішінде 2016-шы жылдың 1-ші тоқсанында 446 млрд. теңгенің өнімі өндірілген»,-деп ақпараттандырды ҚР ИДМ.
Ботагоз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді