- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 5 мың елордалық түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Астанада 5 мың елордалық түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Концерттік бағдарламаға қалалық ұжымдар қатысады. Атап айтқанда, VIVA шоу-балеті, Kazakh Percussion Group барабаншылар тобы, Z триосы, үздік брейк-данс ұжымдары мен М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ұжымдары. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, интерактивті конкурстар өткізіліп, көкке шарлар ұшырылады, әндерден попурри орындалады және т.б.
Ересек өмірге аяқ басқалы тұрған түлектерге жақсы лозунг ойлап тауып, сүйікті қаласына тілек білдіру ұсынылады.
Сонымен қатар, 25 мамырда сағат 17.00 Оқушылар сарайында дарынды балаларға арналған «Триумф» балы өтеді, онда республикалық, халықаралық конкурстардың, ғылыми жобалардың және олимпиадалардың жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі. Биыл шара «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының 10 жылдығына арналады.
Еске салайық, 2015-2016 оқу жылында елордалық оқушылар АҚШ, Бразилия, Грузия, Ресей, Оңтүстік Корея елдерінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 268 медаль еншіледі. Республикалық олимпиада мен ғылыми жобалар конкурсында Астана қаласы оқушыларының командалары жалпыкомандалық есепте 1-ші орын алып, "Үздік команда" атанды. Сонымен қатар, өткен оқу жылында елордалықтар 97 жүлделі орын алды.
17 маусымда түлектерге аттестаттар табысталады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды