- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның салалық қауымдастық құру тәжірибесі Орта Азияда оң бағаланды
Қазақстанның салалық қауымдастық құру тәжірибесі Орта Азияда оң бағаланды
«Бішкекте «Орта Азия өңіріндегі тұрақты үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасу тәжірибесі» атты екі күндік шеберлікте тау-металлургия кәсіпкерлігі қауымдастығы жұмысының тәжірибесі таныстырылды. Оған азаматтық емес секторлардың үкіметтік емес ұйымдары, жұмыскерлердің кәсіби кеңесі, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлік бірлестіктері қатысты», - делінген хабарламада.
Орта Азия елдеріндегі әріптестеріне кен-металлургия кәсіпкерлігі қауымдастығының тәжірибесін HR-жобасы орталығының директоры Мәрлен Сихаев таныстырды.
«Біз кен-металлургия саласы бойынша білім берудің мемлекеттік және кәсіби стандарттарын сараптап жатырмыз және кәсіпкерлікке инвестициялық жобаларды байлау үшін салалық кадрларға деген мұқтаждықтың өлшемін анықтаудамыз. Қазіргі таңдағы біздің ең үлкен міндетіміз – өзіміздің базада пилоттық режимде тәуелсіз бағалау және біліктілікті арттыру орталығын ашу», - деді Сихаев.
Шараға қатысушылар қауымдастықтың тәжірибесін жоғары бағалап, Орта Азия көлемінде аталмыш жобаның теңдессіз екенін мойындады. Сонымен қатар, тәжірибе бөлісу мақсатында оқыту семинарларын біздің елде жасауға мүдделі екендіктерін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш қауымдастық Қазақстандағы ірі салалық бірлестікке жатады. Ол қара және түсті металлургия, уран және көмір өнеркәсібі бойынша дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы 95 компанияның құрамына кіреді.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру