- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Ыдырысов: Бізге екіжақты сауда көлемін ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуді жалғастыру қажет
Е. Ыдырысов: Бізге екіжақты сауда көлемін ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуді жалғастыру қажет
Қытайдың сыртқы саяси ведомствосының басшысы басты міндеті Тәшкентте 2016 жылғы 23-24 маусымда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін әзірлеу болып табылатын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысу үшін Тәшкентке жолға шығып, Алматы және Бішкек қалаларында тоқтайды.
Келіссөздер барысында бірқатар салалар бойынша қазақ-қытай ынтымақтастығын дамытудың басымды мәселелері жан-жақты талқыланды.
Биылғы жылы алда тұрған «Үлкен жиырма» саммитіне қатысу үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянның Қазақстанға сапарларын әзірлеу мәселелеріне ерекше ден қойылды. Е. Ыдырысов тараптардың алдында осы шараларды сапалы түрде мазмұндандыруға қатысты ауқымды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу міндеті тұрғанын атап өтті.
Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты сауда өсімін ынталандыру үшін көлік жолдарын әртараптандыру, индустриялық-инновациялық ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай аймақтары арасындағы саудалық-инвестициялық байланыстарды кеңейтудің өзектілігін атап айтты.
«Бізге екіжақты сауда көлемін ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуді жалғастыру қажет. Біздегі бар ынтымақтастық әлеуеті бұған мүмкіндіктер береді», – деп атап өтті осы орайда Е. Ыдырысов.
Онымен қатар, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және туризм салаларындағы ынтымақтастық бойынша мәселелері де қаралды.
Қытай тарапы өзара тиімділік негізінде Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтасуға және бір-бірін құрметтеуге дайын екенін білдірді. «Жол картасын» тиімді әзірлеу үшін біз «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы бойынша бірлескен жұмыс тобын құруға ниетімізді растаймыз. Қытай елінің тиісті мекемелері бұл жұмысқа кірісіп кетті», – деп мәлімдеді Ван И.
Кездесу барысында көкейкесті жаhандық және өңірлік мәселелер, оның ішінде Ауғанстандағы ахуал, Сириядағы жағдай, халықаралық терроризм мен діни экстремизмнің қаупі бойынша мәселелер қозғалды.
Екі жақ Біріккен Ұлттар Ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі және басқа да көпжақты форматтар аясында өзара ic-қимыл және ұстанымдарды үйлестіруді нығайтуға мүдделі екенін білдірді.
Пікір алмасулар қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша алдағы қадамдарды айқындап, дәстүрлі достық сипаттағы қатынастарды ұстануға сенімділіктерін растады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда