- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы өсті
Қазақстанның Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы өсті
Егер 2015 жыл бойынша Қазақстанның Қарулы Күштерінде 3500-дей әртүрлі оқу-жаттығу өткізілсе, онда ағымдағы жылдың 4 айы ішінде олардың саны 950-ді құрады. Оның ішінде жедел даярлық бойынша іс-шаралар 40-қа жуық, жауынгерлік даярлық бойынша 900-ден аса.
2016 жылдың 4 айы бойынша «Айбалта» және «Қаратау» ірі оқу-жаттығулар болып табылады. «Айбалта» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы осы жылдың ақпанында өтті. Оқу-жаттығу өткен жерге бірнеше күн бойы ҚР Қарулы Күштері барлық өңірлік қолбасшылықтарының әскерлері тартылды. Далалық машықты арттыру үшін оқу-жаттығу ниетімен әскерлер құрамдастырылған тәсілмен 2-ден 4 мың шақырымға дейінгі таңсық полигондарға бір жерден екінші жерге жөнелтілді және Үшарал жедел әуеайлағына жауынгерлік авиация қайта орналастырылып, «Шығыс» ӨңҚ «Шығыс» полигонында шоғырландырылды. «Айбалта-2016» оқу-жаттығуының ерекшеліктері әскерлердің далалық дағдысын шыңдау болды. Күрделі қысқы жағдайда бөлімдер мен бөлімшелерді толық өрістете отырып, өткізілді. Оқу-жаттығуға барлығы қытымыр климаттық жағдайда табандылығы мен төзімділігін көрсете алған 5 мыңға жуық әскери қызметші тартылды. Барлық кезең бойы 1500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік авиациялық техника іс-қимылдардың үйлесімділігі мен барлық оқу-жаттығу ниетінің іске асырылуын пысықтады. Ұзақ уақыттан бері оқу-жаттығу алғаш рет қысқы уақытта жауынгерлікке жақындатылған жағдайда өтті.
ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлерінде сәуір айында «Қаратау-2016» ауқымды оқу-жаттығуы өтті. Бұл оқу-жаттығуға «Батыс» және «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы басқармаларының жеке құрамы, 25744, 86717, 30238, 75488 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының бөлімшелері тартылды. Мұндай оқу-жаттығудың өткізілуі жеке құрамның жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу машығын, сондай-ақ дене төзімділігін және әскерлерді үлкен қашықтықтарға бір жерден екінші жерге жөнелтуді пысықтауға бағытталған. «Қаратау-2016» оқу-жаттығуына 7000-нан аса әскери қызметші тартылды. Жалпы алғанда, шамамен 2 500 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері мен ҚР Шекара қызметінің 70-тен аса авиациялық техникасы тартылды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді