- Басты
- Жаңалықтар
- Қаржы секторының даму болашағын АЭФ аясында талқылайды
Қаржы секторының даму болашағын АЭФ аясында талқылайды
Ұйымдастырушылар хабарлағандай, «Әлемдік экономикадағы кешенді тұрлаусыздық пен құбылмалылық: Тұрақсыздықтың өскелең қатерлері» сессиясы барысында, бірнеше елдердің мысалында заманауи реалиялардағы қаржылық және инвестициялық саясат мәселелерін талқылау жоспарлануда. Капиталды тиімсіз ғаламдық бөлу, инвестициялардың кешіктірілуі және жылдам дамитын нарықтардан капиталдың жылыстауы сияқты, ағымдағы қауіп-қатерлерге баға беріледі. Спикерлер өздерінің сараптық көзқарасын әлемдік экономикадағы нарықтар мен реформалар арасындағы өзара қарым-қатынасы жөнінде айтады.
Сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығымен бірлесе отырып, «Қаржылық өсудің әлемдік тәжірибесі: Астана Халықаралық қаржы орталығын дамытуға арналған механизмдер мен құралдар» сессиясын өткізеді, мұнда АХҚО мүмкіндіктерін және АХҚО аймағына отандық және шетелдік инвестициялар ағымын ынталандыруды; АХҚО даму болашағын, сонымен бірге шетелдік әлемдік қаржы орталықтарын құру және дамытаудың жетістікті тәжірибесін қолдану мүмкіндіктерін талқылау жоспарлануда.
Сарапшылар пікірі бойынша, елде «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құруды есепке алумен, Қазақстанның, тек аймақтық саудалық қана емес, сонымен бірге, ірі саудалық мәмілелер мен төлемдер жүзеге асырылатын қаржылық хаб болуға барлық мүмкіндіктері бар.
Форум алаңындағы талқылау үшін арналған маңызды тақырыптардың бірі, банктер мен стартаптардың қаржылық технологияларының өзара қарым-қатынастары мәселелерін, мемлекеттің реттеу және қолдау, қаржылық технология құралдарын, сонымен бірге Blockchain технологияларының мүмкіндіктері мен болжалды қатерлерін қамтитын «Қаржылық жаңа технологиялар» тақырыбы болады.
Форум барысында тұрақты даму және экологиялық шақыруларға ерекше көңіл бөлінеді. Осылай, «Әлеуметтік жаңартпалар, экономикалық диверсификация мен экологиялық тұрақтылықты енгізуге арналған жасыл экономика» - БҰҰ Даму Бағдарламасы сессиясын ұйымдастырушылар, тұрақты даму және жасыл экономика концепциясын іске асыруға көшу бойынша Еуропалық Одақ қалаларының жетістікті тәжірибесін көрсетуге, сонымен қатар көрсетілген құралдарды, Қазақстанның су секторында БҰҰ Даму Бағдарламасымен біріктірудің оңтайлы тәжірибесін көрсетуге ниеттенуде, бұл –жасыл өсуді енгізуге және Қазақстанның саясатының ұлттық көрінуіне оң үлес қосуға мүмкіндік береді.
Дәстүр бойынша форумның белгілі қонақтары арасында әр түрлі салалардағы Нобель сыйлығының иегерлері. Биыл АЭФ экономика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері Эдвард Прескотт, Кристофер Писсаридес пен Томас Сарджент және басқа ғалымдар шақырылды.
Астаналық экономикалық форумның «Spring Astana Economic School» арнайы бағдарламасы аясында Э. Прескотт, К.Писсаридес, Т. Сарджент лекциялары жоспарланды.
Бұдан басқа, форумның екі сессиясын ұйымдастыруға Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша Комитеті қатысады – бұл «Аймақтық және ғаламдық экономикалық іс– әрекеттер: ғаламдық өсу үшін сенімді саяси қадамдардың қажеттілігі» және «Гипержаһандану кезеңінің соңы: Экономикалық және қаржылық архитектура үшін жаңа жағдайлар» көшбасшылармен ашық талқылаулары.
Естерінізге сала кетейік, 25-26 мамырда Астанада аймақтың экономикалық және саяси өміріндегі жыл сайынғы оқиға – Астаналық экономикалық форум өтеді.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары