- Басты
- Жаңалықтар
- Түркияның әскери қызметшілері «Жас ұлан» мектебінің тәрбие беру үдерісімен танысты (ФОТО)
Түркияның әскери қызметшілері «Жас ұлан» мектебінің тәрбие беру үдерісімен танысты (ФОТО)
Шетелдік әріптестеріміздің келуінің негізгі мақсаты «Жас ұлан» республикалық мектебіндегі оқу-тәрбие процесімен танысу, тәжірибе алмасу және өзара ынтымақтастық мақсатында әрі қарайғы байланысты ретке келтіру болды.
Сапар барасында меймандармен брифинг өткізілді. Аталмыш брифингте мектеп, білім ошағының тарихы, мектеп қабырғасында іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, тәрбиеленушілердің күнделікті тыныс-тіршілігі, спорттық және мәдени өмірі жайлы фильм көрсетілді. Сөз сөйлеу кезінде түрік делегациясының басшысы Р.Бильгич те фильмнің тұсауын кесіп, Кулели әскери лицейіндегі оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы туралы айтып берді.
Одан басқа, қонақтар үшін мектептің оқу-материалдық базасына экскурсия жасалып, спорт залы, бассейн, мектеп мұражайы, кітапхана көрсетілді. Сондай-ақ қонақтар әскери даярлық және жалпы білім беру пәндері бойынша бірнеше сабақтардың өткізілуіне куә болды.
Делегация құрамына Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасы әскери атташесінің орынбасары подполковник Сезен Озлен, Түрік Республикасы ҚК Кулели әскери лицейін жоспарлау бөлімінің бастығы полковник Рауф Бильгич, рота командирі капитан Ферхат Баяр, курсанттар Севахаттин Энес Узун және Салих Еге кірді.
Сапар қорытындысы бойынша Түрік Республикасы Қарулы Күштері Кулели әскери лицейінің делегациясы біздің тарапымыздан көрсетілген қабылдауға, сондай-ақ жастарды оқыту мен тәрбие беру аясындағы бірлескен ынтымақтастықтың жалғасуына алғыс білдірді.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай