- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова: «Мәңгілік Ел» идеясының рухани құндылықтары мен азаматтық қағидаттары негізінде Болашағы Біртұтас Ұлт орнығады
Г.Әбдіқалықова: «Мәңгілік Ел» идеясының рухани құндылықтары мен азаматтық қағидаттары негізінде Болашағы Біртұтас Ұлт орнығады
Сапар аясында Мемлекеттік хатшы «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» күн тәртібімен өткен Павлодар облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясына қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде Г.Әбдіқалықова «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани құндылықтары мен азаматтық қағидаттары негізінде Болашағы Біртұтас Ұлт орнығып, қазақстандық біртектіліктің нығаятынын атап өтті. Ассамблея сессиясының қатысушылары қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамыту, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Жұмыс істейтін жастар кеңесінің «Алюминий зауыты» АҚ базасында өткен отырысына қатысты. Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеясы Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруының түпқазығы екенін айтты. Бүгінде өңірде 22 мыңға жуық жас кәсіптік-техникалық оқумен қамтылды, облыстың 45 оқу орнында дуальды оқу жүйесі іске асырылуда, соның 12-сіне «республикалық тәжірибелік орталық» мәртебесі берілді.
Жұмыс сапары барысында Гүлшара Әбдіқалықова облыстық әйелдер қауымы өкілдерімен – мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, бизнес-қоғамдастық және ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. Кездесуде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілету ісіне әйелдердің белсендірек қатысуын қамтамасыз ету, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, дәстүрлі рухани және отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері талқыланды.
Жұмыс сапарының соңында Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Мемлекеттік хатшы сапар қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері