- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов ЕАЭО мен Еуразиялық одақ арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту қажеттігін ерекше атап өтті
К.Мәсімов ЕАЭО мен Еуразиялық одақ арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту қажеттігін ерекше атап өтті
Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады. ЕАЭО елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту туралы мәселелерді талқылауға ерекше көңіл бөлінді.
Кеңейтілген құрамдағы отырыста сөз сөйлеген Кәрім Мәсімов Қазақстан өз төрағалығының басымдықтары ретінде 2016 жылды «Одақтың үшінші елдермен және басты интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қатынастарын тереңдету жылы» етіп жариялауды ұсынғанын еске салды.
«Қазақстан әрдайым еуразиялық интеграция «орбитасына» жаңа қатысушыларды тартуды жақтап келеді. Біздің Одақ ашық экономикалық қоғамдастық ретінде қалыптасты. Оған қоса, біз технологиялық тұрғыда дамыған және инвестициялық тартымды елдермен және одақтармен ынтымақтастыққа баса көңіл бөлуіміз қажет», - деді К.Мәсімов.
Оның пікірінше, ЕАЭО пен Еуропалық одақ арасында өзара іс-қимыл орнату жалпы континенттің экономикалық дамуының маңызды факторына айналуы мүмкін.
«ЕАЭО пен ЕО арасында өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді мақсаты Атлантикадан Тынық мұхитына дейін бірыңғай экономикалық кеңістік құру болуы тиіс. Ол жайында біздің Президент Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.В,Путин бірнеше мәрте айтқан болатын», - деп баса айтты ол.
«Осылайша, қазақстандық тарап интеграциялық үдерістерді біздің елдердің Шығыс пен Батыс арасындағы «байланыстырушы буын», әлем экономикасының бәсекеге қабілетті жасаушысы болуға мүмкіндік ретінде қарастырады», - деп түйіндеді Кәрім Мәсімов.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері