- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қырғызстанның Үкімет басшылары Ереванда кездесу өткізді
Қазақстан мен Қырғызстанның Үкімет басшылары Ереванда кездесу өткізді
20 Мамыр, 2016 17:34
Ереванда Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстанның Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Сұхбаттасу барысында тараптар ағымдағы мәселелер мен сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық, қаржы және басқа да салалардағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Қазақстанның Үкімет басшысы қырғыз әріптесін осы лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жұмыста табыстар тіледі.
Кәрім Мәсімов өзара тиімді екі жақты ынтымақтастықты ілгерілемелі тереңдетуге бағытталған жұмысты жалғастыруға үміт артып, Қазақстан Қырғызстанмен экономикалық қатынастарды дамытуға баса мән беретінін айтып өтті.
Бұдан өзге, Кәрім Мәсімов Армения Республикасы Президенті Серж Саргсяннің ЕАЭО қатысушы мемлекеттерінің Үкімет басшыларымен ұжымдық кездесуіне қатысты.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысына қатысу үшін Ереванға барды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды