- Басты
- Жаңалықтар
- Египет Алматымен туризм саласында ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді
Египет Алматымен туризм саласында ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді
«Алматы Египетпен өзара ынтымақтастыққа үлкен мән береді. Жақында ғана бізде халықаралық туристік KITF көрмесі өтіп, оған әлемнің 30-дан астам елі қатысты, олардың арасында Египеттің туроператорлары да болды. Мен осы кездесудің екі елдің туристік саласының дамуына жаңа серпіліс беретіндігіне сенімдімін», - деп атап өтті әкім.
Б.Байбек Париждан Каирге бет бұрған EgyptAir компаниясы ұшағында болған терактіге қатысты көңіл айту білдірді.
Туризм саласын сөз ету барысында Қазақстанға келетін туристердің басым бөлігінің, статистикалық мәлімет бойынша 43% -ының Алматыға тиесілі екендігі айтылды. Өткен жыл ішінде Алматыға 794 египттік келсе, Египетке барғандар саны 10 есе көп – 8000 адам. Осы ретте, Ахмед Абдаллах соңғы кездері египеттіктер Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отырғандығын, сондықтан болашақта қазақ жеріне келетін туристер санының арта түсетіндігін жеткізді.
«Біз өзара ынтымақтастықты бұдан былай да жалғастыра береміз. Қалаларда туризм жедел қарқынмен дамуда. Сіздерде Алматының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасы бар екен, бізде де провинциямызды дамытудың жоспары жасалған. Демек, осы екі маңызды Бағдарламалардың арқасында өзара ынтымақтастық кең қанат жайып, болашақта серіктестік қарым- қатынас арта беретін болады», - деп атап өтті А.Абдаллах.
Атап өтерлік жайт, Египетпен ынтымақтастық аясында екіжақты 40-тан астам келісімдерге қол қойылған. Алматыда ауылшаруашылығы мен сауда саласында 7 египеттік кәсіпорын жұмыс істейді, египеттік фармкомпаниялардың 100 өнім түрлері тіркелген. Алматыға жыл сайын 1,3 млрд. АҚШ доллары тұратын өнім жеткізіледі, бұл нарықтың 37% -ын құрайды. Осылайша, болашақта ауылшаруашылығы, фармацевтика, сауда саласында байланыс одан әрі нығая түспек.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі, ол ел экономикасының 20% -ын, салық түсімінің 30%-ын құрайды, банктердің бас офистерінің 90% -ы осында орналасқан, кіші және орта бизнеске берілетін несиенің 60% -ы да Алматыға тиесілі. Мегаполисте 2 млн. адам тұрады, ал бұған Алматы агломерациясы қосып есептесек - 3 миллионға жуық адам.
Кездесу соңында Египеттік тарап алматылықтарды ҚР-ы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен, мегаполистің 1000 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар, Алматы және Алматы облысымен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр