• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қоғамдық кеңес МСМ-ға спорт нысандарының құрылысында МЖӘ-ні қолдануды ұсынды

Қоғамдық кеңес МСМ-ға спорт нысандарының құрылысында МЖӘ-ні қолдануды ұсынды

20 Мамыр, 2016 16:43
Мәдениет және спорт министрлігінде ведомствоның Қоғамдық кеңеспен есептік кездесуі өтті. Қоғамдық кеңес есепті тыңдаған соң мәдениет және спорт министрлігіне спорт нысандарының құрылысында мемлекеттік және жеке меншік әріптестікті қолдануды ұсынды.

Қоғамдық кеңес резолюциясында Қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғам өкілдерін өңірдің мәдени саясатына араластыру ұсынылған.

Сондай-ақ, спортты кең насихаттау  бойынша МСМ-ның білім және ғылым министрлігі, атқарушы органдармен байланысын арттыру қарастырылған.

«Мемлекеттік жеке меншік әлеуетті қолдану, сондай-ақ, инвесторлар мен меценаттарды спорт нысандарының құрылысында қолдану ұсынылды. Республикалық ресурстық орталықты үкіметтік емес ұйымдар үшін құру қарастырылған», - деді резолюцияда.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар