- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Қызылордада 21,4 шақырым жол жөнделеді
2016 жылы Қызылордада 21,4 шақырым жол жөнделеді
Дария бойын жағалай салынатын жаңа магистраль құрылысы. Сұлтан Бейбарыс көшесі мен «Қызылорда-Жалағаш» трассасын байланыстыратын көшенің ұзындығы төрт жарым шақырым. Жалпы құны 2 миллиард теңгеден асатын жолдың биыл Мұратбаев көшесіне дейінгі аралығы пайдалануға берілмек.
Қазір мұнда өзен жиегін тастармен бекіту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы үстіміздегі жылы қала бойынша ұзындығы 21,4 шақырымды құрайтын 16 көшеге орташа жөндеу жүргізілсе, Шымбай және Сүлейменов көшелерінің бір бөлігіне қайта жаңғырту жасалмақ. Ковтунов көшесінің тұрғындары билікке айтқан базынасының көп ұзамай орындалғанына қуанышты. Өткен жылы көше мәселесіне қатысты бір топ тұрғын қол қойған арыз аймақ басшысына жолданған.
Тиянақты тапсырма мен тыңғылықты жұмыстың нәтижесі көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Көшелерді жөндеу шет аймақтарда да жалғасуда. «Анкема» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі КБИ мөлтек ауданындағы Сарыарқа көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, өткен жылы 24 көше орташа жөндеу мен жаңғыртудан өткізілген. Жыл сайын жоспарға сай кезең-кезеңімен жүзеге асатын жұмыстардан бөлек жекелеген компаниялар жергілікті билікпен бірлесе отырып, тұрғындардың талабына сай мүлдем жүруге жарамсыз жолдарды қалпына келтіру шараларын да атқаруда.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр