- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан Сенегалмен барлық бағыттағы ынтымақтастыққа әзір (ФОТО)
Н.Назарбаев: Қазақстан Сенегалмен барлық бағыттағы ынтымақтастыққа әзір (ФОТО)
Мемлекеттер басшылары кездесу барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ өзара мүдделілік туғызып отырған халықаралық және өңірлік сипаттағы жайттарды талқылады.
Қазақстан Президенті Африка құрлығының батыс аймағынан келген көшбасшының елімізге алғашқы сапары үшін ризашылық білдірді.
« Мемлекеттеріміз арасында өзара толық түсіністік бар. Қазақстан мұсылман үмбетінің бір бөлшегі болып саналатындықтан, қазіргідей күрделі уақытта талқылап, пікір алмасатын мәселелер жоқ емес. Жалпы, біздің ел Сенегалмен барлық бағытта – саясатта да, экономикада да ынтымақтастыққа әзір. Сіздің республикаңыз Африкадағы маңызды мемлекет және онымен ынтымақтасу біз үшін зор мәртебе», – деді Мемлекет басшысы.
М.Салл Қазақстанға келуге шақырғаны үшін алғыс айтып, бұл сапар екі елдің арасындағы байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік береді деп үміттенетінін жеткізді.
«Сіздің Орталық Азиядағы және одан сыртқы әлемдегі көшбасшылығыңызға тәнтімін. Сіздің дипломатиялық, саяси және экономикалық қызметіңіз осы өңірден тысқары жерлерді де қамтып отыр. Астана Сіздің бүкіл әлемде құрметке ие болған асқан жасампаздық қасиеттеріңіздің көрінісі болып саналады. Мен өз атымнан бүкіл Африканың Қазақстанмен ынтымақтастықты қалайтынын айтқым келеді. Қазір біздің құрлыққа бүкіл әлем қызығушылық танытуда. Біз сіздерге серіктес ретінде ынтымақтастықты жолға қою үшін келдік», – деді Сенегал Президенті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру