- Басты
- Жаңалықтар
- Бүкіләлемдік метрология күні аясында Астанада үздік жас мамандарды марапаттады (ФОТО)
Бүкіләлемдік метрология күні аясында Астанада үздік жас мамандарды марапаттады (ФОТО)
Кездесу барысында метролог кеңесінің мүшелері, метрологиялық қызметтер мен Қазақстан Республикасының отандық тауар өндірушілері болды.
«Дәстүр бойынша базалық университетте кездесеміз, сіздерді мерекемен құттықтап, кәсіби жеміс тілеймін. Метрология камитеті бұрыннан бері университеттің стандарттау және сертификаттау кафедрасымен серіктеседі. 30 дамыған елдің қатарына кіру бойынша өзекті тапсырма біздің ынтымақтастығымыздың нәтижесі қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді»,-деді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев.
Шара барысында метрология саласындағы жыл сайынғы байқаудың нәтижесі хабарланды, сонымен қатар «2016 жылдың үздік жас метролог маманы» және «2016 жылдың ең үздік өлшем құралы» атты жеңімпаздар марапатталды. 2016 жылдың байқауы қаңтар айында хабарландырылған болатын. Қатысуға 11 өтініш түсті. Комиссия қатысушыларды 9 белгі бойынша бағалады: Өзектілігі, ғылыми жаңалығы, сонылығы, практикалық маңыздылығы, ғылыми көзқарас және негізділігі, зерттеу сабақтастығы, авторлық жеке үлесі, жобалау сапасы, тұсаукесер сапасы. Өз кезегінде «Жылдың үздік өлшеу құралы» байқауы Қазақстан метрология институтымен құрылды. 2016 жылы байқау алтыншы рет өткізілуде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология комитетінің грамоталарымен республиканың метрология қызметінің мамандары марапатталды.
Естерінізге сала кетейік, Бүкіләлемдік метрология күні «Метрикалық конвенция» қол қою жылдығына орай, халықаралық қоғамдастықпен 20 мамыр айында аталып өтеді.
Метрикалық конвенция халықаралық құжат, оған 1875 жылдың 20 мамыр айында Парижде 17 ел үкіметінің өкілдерімен өткен халықаралық Дипломатиялық конференция барысында қол қойылды.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды