- Басты
- Жаңалықтар
- Берлинде Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту және өзара байланыстылығы саясатын таныстырылды (ФОТО)
Берлинде Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту және өзара байланыстылығы саясатын таныстырылды (ФОТО)
Делегацияның құрамына ЕҚЫҰ-дағы ҚР Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай, Германиядағы ҚР Елшісі Болат Нүсіпов, тиісті министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ ұлттық компаниялардың өкілдері енді.
«Еуразиялық кеңістікте экономикалық өзара әрекеттестікті нығайту» тақырыбындағы пленарлық сессияда Р. Василенко баяндама жасап, конференцияға қатысушыларды Еуразия орталығындағы еліміздің географиялық орнының артықшылықтарын барынша толық және тиімді пайдалануға бағытталған саясатының басты басымдықтарымен таныстырды.
Конференцияға қатысушылар үшін «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автокөлік жолдарының құрылысы жобасын жүзеге асыру, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын дамыту жоспарлары, Ақтау теңіз порты мен транскаспийлік логистикалық бағыттар үлкен қызығушылық тудырды. Конференция қатысушылар Жібек жолының экономикалық белдеуі және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) қоса алғанда Еуразиядағы түрлі интеграциялық бастамалар мен инфрақұрылымдық даму бағдарламалардың өзара тиімді орайластығының келешектері таныстырылды. Осы мәнмәтін шеңберінде өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықтың келешектерін анықтау мақсатында ЕАЭО және Еуропалық Одақ арасындағы үнқатысуды жолға қою туралы ЕАЭО төрағасы ретіндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрын жарияланған бастамасының маңыздылығы ерекше аталды.
Конференцияның мақсаты Ванкуверден Владивостокқа дейінгі экономикалық байланыстарды нығайту мүдделері үшін сауда және инвестициялық жағдайларды жақсарту мүмкіндіктерін іздестіру болды. ЕҚЫҰ-ның екінші өлшемі шеңберінде ұйымдастырылған бұл іс-шараға ЕҚЫҰ кеңістігі түрлі аумақтарының саяси-экономикалық және азаматтық қоғамның жетекші өкілдері қатысты. Ағымдағы жылы ЕҚЫҰ-да Германия төрағалық жасайды. «үнқатысуды жаңарту, сенімді жаңадан қалыптастыру, қауіпсіздікті қалпына келтіру» ұранымен федералдық үкімет өзекті тақырыптардың мейлінше мол саны бойынша үнқатысуды алға жылжыту, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның барлық кеңестігінде ұзақ мерзімді негіздегі сенімді қалпына келтіру үшін ЕҚЫҰ институттары мен құралдарын нығайтуға ықпал етуге ниетті.
Берлинде болу кезінде Р. Василенко Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша ГФР СІМ Уәкілі Андреас Пешкемен, қазақстандық-германиялық Стратегиялық ынтымақтастығы бойынша іскерлік кеңесінің Тең төрағасы Петер Тильспен және Германияның Шығыс экономикалық комитетінің аймақтық директоры Мартин Хофманмен келіссөздер өткізді. Сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады және екі мемлекеттің шикізат пен технологиялық серіктестігі мәнмәтініндегі экономикалық келісімдерді жүзеге асыру бойынша табысты өзара әрекеттестігін, Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне Германияның қатысуын, сондай-ақ Қазақстанда қосарлы білім берудің неміс үлгісін енгізуді нақтылады.
Қазақстандық дипломат онымен қатар Аустрия СІМ Бас Хатшысы Михаэль Линхартпен кездесті. Кездесуде екіжақты күн тәртібінің мәселелері мен Аустрияның алдағы 2017 жылы ЕҚЫҰ-ға Төрағалық етуін талқылады. Аустриялық төрағалықтың «Жасыл экономиканы құру, серіктестікті жасау» (Greening the Economies, Building Partnerships) ұсынылған ұраны қазақстандық сыртқы саяси басымдықтары және алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің концепциясымен тым үндесті екені көрсетілді. Осыған орай, сұхбаттастар келесі жылы екі мемлекеттің күш-жігерін біріктіру, соның ішінде «ЭКСПО-2017» алаңында өткізу Жоспарына ЕҚЫҰ қамқорлығымен және энергияның баламалы көздерін дамыту мен энергиялық қауіпсіздікті нығайтуға арналған аустриялық төрағалығымен іс-шаралар өткізу мүмкіндіктерін мәнді қарастырды.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы