- Басты
- Жаңалықтар
- Ашық деректер негізінде қосымшаларды дамыту бойынша байқау жарияланды
Ашық деректер негізінде қосымшаларды дамыту бойынша байқау жарияланды
Деректер жиынтығының ұлғаюы пайдалы қызметтер мен қосымшаларды әзірлеу идеяларына жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл, өз кезегінде қарапайым азаматтардың, мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ететін, алуан түрлі ақпараттың үлкен алабына қолжеткізушілігін кеңейтеді.
Өз жағынан, «ҰАТ» АҚ, data.egov.kz порталының API-ын (қосымшаларды бағдарламалау интерфейсін) пайдалы қосымшаларды әзірлеу үшін қолдануды көздейтін және бұған қызығушылық танытатын адамдардың, кез келген бастамаларын ынталандыруды жөн көріп отыр.
Конкурс шарттары мен ескертулер:
iOS (6+ нұсқасы), Android (4+ нұсқасы) немесе Windows Phone мобильдік платформалары үшін мобильдік қосымшаны API арқылы, data.egov.kz порталында орналасқан ашық деректерді қолдану негізінде, дамыту қажет. Ресми дүкендерде қосымшаны жариялаумен қатар интерфейстің көптілдігі қошталады.
Қатысушылардың ыңғайлығы үшін конкурсқа жіберілген қосымшаларды APK-файл түрінде (Android-қа арналған қосымшалар үшін)/ IPA-файл түрінде (iOS-қа арналған қосымшалар үшін)/ XAP-файл түрінде (WP-ға арналған қосымшалар үшін), немесе мобильдік қосымшалардың тарату қызметтері арқылы (TestFlight аналогтары) тапсыруға болады.
Мобильдік қосымшаның орнына (балама нұсқасы ретінде) ашық деректердің API арқылы дамытылған веб-қосымшалары (веб-сервистер, telegram-боттары және т.б) қарастырылмақ. Веб-қосымшалардың қолданысы келесі браузерлердің талаптарына сәйекс болуы тиіс (қолдануы мүмкін болу тиіс): Internet Explorer 6.0 және кейінгі нұсқалары (Internet Explorer 7.0 және одан кейінгі нұсқалары ұсынылады); Firefox 3.0 және кейінгі нұсқалары. Сондай-ақ көптілді интерфейс қошталады. Конкурсқа жіберілген веб-сервистер келісті сілтеме ретінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстың барлық қатысушылары ақыл-кеңесті және кез келген туындаған сұрақтарға өз жауабын біздің арнайы бөлінген мамандарымыздан алуға мүмкіндік алады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары