- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев: Мемлекеттік қолдау ауылдық жерлерде жұмыспен қамту мәселесін шешуде тиімді әдіс болуы мүмкін
Б.Сапарбаев: Мемлекеттік қолдау ауылдық жерлерде жұмыспен қамту мәселесін шешуде тиімді әдіс болуы мүмкін
Кездесу барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысының 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша алдын-ала қорытындысы талқыланды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 4 айда өнеркәсіптік өндірістің, тартылатын инвестицияның, құрылыс жұмыстарының, сонымен бірге қызмет ететін шағын және орта бизнес нысандары санының кемігенін атап өтті.
Аймақ басшысы бірқатар көрсеткіштің төмендеуіне объективті себептер бар екенін мойындады, алайда жауапты әрі сауатты жұмыс істегенде алғашқы жартыжылдықтың соңына қарай көрсеткішті жақсартуға болатынын айтып өтті.
Оның айтуынша, белсенді жұмыс істеу керек, түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірге бөлінетін қаражатты уақытында игеру керек, әлеуметтік нысан құрылыстарының басталу уақытын жеделдетіп, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін шаралар қолға алу қажет, жұмыссыздық деңгейінің артуына жол бермеу, т.б. керек.
Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне халықпен жиі кездесіп тұру керектігін ескертті, бұл ретте аудан орталықтары және ірі елді мекендердің тұрғындарымен шектеліп қалмау керектігі де сөз болды.
Облыс әкімінің пайымынша, билік өкілдерімен кездесуде формальдылыққа жол берілмеу керек, ауыл тұрғындарына реформаларды, оның ішінде жерге қатысты, сонымен бірге ауылды, ауыл аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру керек.
- Мемлекеттік қолдау ауылдағы жұмыспен қамту мәселесін шешуде тиімді құрал болуы тиіс. Шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты айтар болсақ, олардың жұмыс орындарын ашып, салық төлеп отыратындарын естен шығармаған жөн. Сондықтан кәсіпкерлерге кедергілерге жол бермеңіздер, - деген аймақ басшысы қарамағындағыларға кәсіпкерлік субъектілеріне көмек көрсету керектігін тапсырды.
Биліктің қолдауына әсіресе Индустриализация картасы аясында іске қосылған кәсіорындар мұқтаж. Мәселен, Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, шамамен 10 жоба әлі күнге дейін толық қуаттылыққа шыға алмай отыр. Аймақ басшысы аталған нысандардағы жағдайды саралап, соның қорытындылары негізінде тиісті шешім қабылдау қажеттігін тапсырды.
“Әрбір мәселе бойынша, жағдайы қиын кәсіпорын бойынша жеке-дара жұмыс істеу керек. Бізде Мемлекет басшысы тапсырмасын орындауға байланысты, өңірдің әлемуеттік-экономикалық көрсеткіштерін арттыруға қол жеткізу үшін барлық құрал бар. Ақтөбеде жүзеге асырылып жатқан барлық мемлекеттік бағдарлама қаржыландырылған. Тек тапсырмалардың орындалу барысын бақылап, кейбір жобалардың басталу және аяқталу мерзімін сақтау керек, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі