- Басты
- Жаңалықтар
- Соңғы 5 жылда Алматыда велосипед саудасы 6 есеге өсті – А.Есімов
Соңғы 5 жылда Алматыда велосипед саудасы 6 есеге өсті – А.Есімов
«1600 автобустың тең жартысы муниципиалдікі әрі газбен жұмыс істейді. Бұдан өзге біз 195 жаңа троллейбус сатып алдық, метрополитеннің жаңа станцияларын салудамыз, ЖРТ-тің жобасы да қолға алынуда. Қоғамдық көліктің жұмысын ретке келтірген соң кейбір көшелерде жеңіл автомобильдерге шектеу қойылады. Сөйтіп біз жаяу жүргінші мен велосипедшілерге кең жол ашатын боламыз. Алматыда соңғы жылдары велошеру жиі өтіп келеді, мен өзім айтып өткендей, велосипед спорт болумен қатар, қозғалыс көлігі», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Осылайша алып қалада жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары көбейтілмек.
Бүгін Алматыда қала дизайны бойынша копенгагендік танымал архитектор және консультант Ян Гейл лекция оқыды. Қала дизайнын жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге лайықтап жасау жөнінде оның оқыған лекциясына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, дизайнерлер, архитекторлар, жобалау ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Урбаникалық концепция авторы өзінің қаланы қалай барынша тартымды етуге болады деген көзқарасымен бөлісті. Ян Гейл қала аумағын қаншалықты тиімді пайдалануға болатындығы туралы, көлік тұрақтары мен оны барынша азайту жөніндегі ойларын ортаға салды. Оның мол тәжірибесі әлемнің ірі мегаполистері мен басқа да қалаларда тиімді пайдаланылды.
«Сіздердің қала барынша жасыл, ағаштары көп. Көшелеріңіз кең екен, бұл тротуарларды, велосипед, трамвай жолдарын, автомобиль қозғалысын сыйдыруға мүмкіндік береді. Қала келбетін өзгертуде мүмкіндіктеріңіз өте мол. Көлік құрылымын теңестіруге әбден болады», - деп атап өтті Ян Гейл.
Өз кезегінде Алматы әкім мегаполисте көлік кептелісін азайтуда қыруар жұмыстар атқарылып жатқандығын, велосипедті ұтымты пайдалану ісі кеңінен насихатталуда екендігін жеткізді. Мысалы, соңғы бес жыл ішінде велосипед сату қалада 6 есе ұлғайған, оны жөндейтін шеберханалар да пайда болуда. Алматы концепциясында жер асты паркингтеріне, муниципалды көлікке үлкен мән берілуде.
Айта кету керек, кеңесшінің ұсынған қала құрылысы стратегиясы дайындау жобасы Лондон, Сан-Паоло, Ханой, Мәскеу секілді қалалардың үлгісіне негізделген.
Шара соңында Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен дизайнер Ян Гейл әлемнің ірі қалаларында көлікке қатысты жүзеге асқан озық идеялардың Алматыда да қолға алынуы үшін бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді