- Басты
- Жаңалықтар
- Санкт-Петрборда Мәжіліс төрағасы Дума Спикері және Парламентаралық одақ төрағасымен кездесті
Санкт-Петрборда Мәжіліс төрағасы Дума Спикері және Парламентаралық одақ төрағасымен кездесті
Б. Ізмұхамбетов пен С. Нарышкин парламентаралық ынтымақтастық Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестік қарым-қатынасында маңызды орынға ие екенін айта келіп, одан әрі нығаюына сенім білдірді. Тараптар сондай-ақ, Қазақстанда өткен және алдағы уақытта Ресейде болатын парламенттік сайлау компаниялары жөнінде әңгіме өрбітті.
Парламентаралық өзара іс-қимылды күшейту тақырыбы Мәжіліс Төрағасының Парламентаралық одақ төрағасы Сабер Чоудхуримен кездесуінде жалғасты.
Осы ретте кездесу иелері ядролық қарусыздану жағдайына, осы мәселеде Қазақстан мен біздің Елбасының рөліне айрықша назар аударды.
Б. Ізмұхамбетов С. Чоудхуриді Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуына арналған, ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланып отырған халықаралық конференцияға қатысуға шақырды. Өз кезегінде Парламентаралық Одақ төрағасы шақыруды қабылдай отырып:
“Сіздердің Президенттеріңізге ядролық қарудан бас тарту туралы қабылдаған батыл шешіміне үшін шексіз ықыласымды білдіргім келеді. Ядролық қарусыздану саласында атқарылып жатқан жұмыстарда Қазақстанды айрықша үлгі тұтуға болады. Алдағы уақытта біздің әріптестігіміз бұрынғыдан да арта түсетініне сенеміз. Сіздердің елдеріңіз басқа мемлекеттерге де ядролық қарудан бас тарту үшін үлгі болатыны шүбәсіз”,-деді.
С. Чоудхури сондай-ақ, Қазақстанның түрлі парламентаралық құрылымдардағы іс-тәжірибесі өз елдерге де пайдалы болатынына сенім білдірді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар