- Басты
- Жаңалықтар
- Депутат А. Бекенов:«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы баяу жүзеге асуда
Депутат А. Бекенов:«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы баяу жүзеге асуда
« «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы туралы жеке айтқым келеді. Денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысы жыл сайын кейінге қалдырылады. Ал, шенеуніктер болса, уақыт бұзылғаны үшін ешбір жауапкершілікті мойнына алмай отыр. Бұл бағдарлама 2011 жылы аяқталуы тиіс еді. Көріп отырғанымыздай, әлі бағдарлама аяқталар емес», - деді А. Бекенов.
Депутаттың ақпаратынша, 2011 жылы Көкшетаудың ауруханасы сын көтермейтін жағдайға енді, ал оның ашылғанына 4-ақ жыл болды. Белгілі болғандай мекеме құрылысында олқылықтар болған.
Сондай-ақ, Бекенов Шымкент қаласындағы мектепті сынға алды. Ол 9 жыл бұрын тұрғызылған, алайда ол сын көтермейтін жағдайға душар болуда.
«Бұның бәріне кім кінәлі? Мемлекеттің 100 млн қаржысын кетіріп, осындай шығынға ұшырағанымыз қалай,құрылысы бітпей жатып құлауға айналған», - деді депутат.
«Бекновтың айтуынша, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының жүзеге асу қорытындысында 1,5 млрд теңге шығын шыққан. Әрбір 3-ші нысан бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бүгінде тек 30% жүзеге асырылуда. Ал, Өңірлік даму министрлігі аталған бағдарламаны жүзеге асыруға асығар емес, алайда, ең қызығы сол, ол алдыңғысына талдау жасамай тұрып, жаңа бағдарламаны жасауға кірісіп те кетті. Және бұл ел Президентінің Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұлайша жұмыс істеуге жол берілмеу қажеттігін айтақ кезде орын алып отыр», - деді халық қалаулысы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады