Алматыдағы жәрмеңкеге аграрилер 60 тоннадан астам өнім әкеледі

19 Мамыр, 2016 20:07
2016 жылдың 21 мамырында Алматыда қала мен Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді., деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының 7 ауданы мен  қаланың 40 кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынатын болады.

Жәрмеңке күні 50 –ден астам өнім түрлері сатуға қойылады. Олар- ет, сүт, көкөніс, шұжық, ұн, жарма және басқа да қажетті өнімдер,  бұлардың жалпы құны  45 млн. теңгені құрайды.

Алматылықтар мен қала қонақтары үшін жәрмеңкеге 61 тонна өнім жеткізіледі: ет өнімдері – 18 тонна,көкөніс, жеміс – 32,7 тонна,сүт өнімдері – 4,6 тонна,өзге өнімдер – 5,2 тонна.

 

Барлық жаңалықтар