- Басты
- Жаңалықтар
- 40-қа жуық мемлекет ЕАЭО-мен ынтымақтастық орнатуға ынталы - Мәжіліс төрағасы
40-қа жуық мемлекет ЕАЭО-мен ынтымақтастық орнатуға ынталы - Мәжіліс төрағасы
Б. Измұхамбетовтің пікірінше, Қазақстан Президентінің ірі интеграциялық жобаларды түйіндестіру мақсатында «Үлкен Еуразия» құру туралы идеясының өзектілігі жыл санап артып келеді.
Осы ретте Мәжіліс Спикері ЕАЭО, ШЫҰ-мен ықпалдастық, Жібек жолының экономикалық белдеуі әріптестікті дамытудың маңызды тетіктері екендігін атап өтті. Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзінше, өзара іс-қимыл көлік-логистикалық саламен шектелмейді. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы:
“Екі ұйымға қатысушы-мемлекеттер экономикасының жиынтық көлемі 11 трлн. доллардан астам немесе ЖІӨ жалпы әлемдік көлемінің 15 пайызын құрайды. Тұрғындар саны біржарым млрд-тан асады. Жақын уақытта Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келіссөздер басталады. Энергетика, телекоммуникация, пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу сынды салаларда өзара тиімді мүмкіндіктер бар. Және өндірістік, агроөнеркәсіптік, инновациялық кооперация жақсы әлеуетке ие,-деп атап өтті.
Жалпы алғанда 40 мемлекет ЕАЭО-пен ынтымақтастық орнатуға ынталы екенін алға тартқан Мәжіліс Төрағасы Одақтың еркін сауда аймағы жүйесін кеңейту арқылы ірі сауда блоктарымен өзара тиімді әріптестік орнату қажеттілігі туралы пікірін білдірді. Олар, атап айтқанда, Еуропалық одақ, сондай-ақ, Транс-тынық мұхиты.
Жиынға қатысушы парламентшілердің айтуынша, Қазақстан Президентінің ЕАЭО-ЕО форматында халықаралық конференция өткізу туралы бастамалары Еуроодақпен еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер процесін жеделдетуге жол ашады.
“Одақты дамыту процесі - өңірлік экономикалық бірлестіктермен стратегеиялық ынтымақтастыққа шыға отырып, аймақтық жоспар бойынша интеграцияны біртіндеп дамытудан көрінеді,-деді Б. Ізмұхамбетов.
Сондай-ақ, Форумда сөйлеген сөзінде Мәжіліс Төрағасы парламентшілерді, саясаткерлер мен сарапшыларды Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесін алға жылжыту жолында бірігуге шақырды.
“ ЕАЭО мүшелері арасында, сондай-ақ, үшінші мемлекеттермен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тек қана жалпыға ортақ және бөлінбейтін бейбіт жағдайда ғана мүмкін болмақ. Сондықтан, Қазақстан Көшбасшысының манифесі – халықаралық экономикалық ынтымақтастық та негізделетін ғаламдық қауіпсіздікті сақтау, бейбітшілікті нығайту ісіне қосылған зор үлес,-деді ол.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады