- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Ізмұхамбетов: Үйлестірілген аграрлық саясат - Еуразиялық интеграцияның маңызды бағыты (ФОТО)
Б.Ізмұхамбетов: Үйлестірілген аграрлық саясат - Еуразиялық интеграцияның маңызды бағыты (ФОТО)
Мәжіліс депутаттары қатысып жатқан бұл маңызды форум бүгін Санкт-Петерборда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының көктемгі сессиясы аясында өтіп жатыр.
Онда ЕАЭО Азияның оңтүстік-шығыс елдерімен ынтымақтастық перспективасы, еркін сауда аймағын құру мәселелері әңгіме өзегіне айналды.
Б. Ізмұхамбетов БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай әлем тұрғындарының саны 10 млрд-тан асатындығын, соған сәйкес, азық-түлік өніміне деген сұраныс 70 пайызға артатындығын еске салды. Қазіргі уақытта дүниежүзінде экологиялық таза өнімге деген сұраныс жыл сайын 20-30 пайызға артқаны байқалады.
“Тұрақты дамудың ғаламдық күн тәртібінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса өзекті болмақ. Бізде осы олқылықтың орнын толтыру үшін табиғи ресурстар да адам капиталы да бар. Сонымен қатар, ЕАЭО-тың Еуропа, Қытай, Азия аралығында орналасуы бізді қажетті басымдықтармен қамтамасыз етеді”,-деді Мәжіліс Спикері.
Мәжіліс Төрағасының айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанда 100 млн-нан артық жер ауылшаруашылығы айналымына берілген. Соңғы 10 жылда ауылшаруашылығында өндіру көлемі 41 пайызға, экспорткөлемі 59 пайызға артқан. Осы саланың негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 2005 жылы 149 млн. доллардан 2015 жылы 507 млн. долларға, 3 есеге дейін ұлғайды.
Өз сөзінде Б. Ізмұхамбетов отандық ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін заңнамалық база құру қажеттілігін атап өтті. Өткен жылы «Ауылшаруашылығы коопертивтері туралы» және «Органикалық өнімдер өндіру туралы» заңдар қабылданған болатын.
Мәжіліс Төрағасы аталған саланы дамытуға және жаңа технологиялар енгізуге Астанада орналасатын азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы да ықпал ететіндігін жеткізді.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек -
Ғылым саясатының жағдайы қалай -
Азаматтық бастамаларды қолдау бағытында қолға алынған шаралар -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді