- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Ұлыбританияның танымал ғалымдары семинар-тренинг өткізуде (ФОТО)
Астанада Ұлыбританияның танымал ғалымдары семинар-тренинг өткізуде (ФОТО)
Ұлыбританияның Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар ұлттық академиясының халықаралық гранты шеңберінде ұйымдастырылған осы іс-шараға Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері және докторанттары қатысуда.
Ағымдағы жылдың 18–21 мамыры аралығында семинар тыңдаушыларына мемлекеттік саясат және басқару саласындағы жетекші еуропалық сарапшылар – Солтүстік Ирландия (Ұлыбритания) Ольстер университетінің қоғамдық саясат профессоры Колин Нокс және Ольстер университетінің (Ұлыбритания) Криминология, саясат және әлеуметтік саясат мектебінің оқытушысы Карл Джон О’Коннор дәріс береді. Профессор Колин Нокс Қытай, Ресей, Латвия, Грузия, Бангладеш және т.б. сияқты көптеген елдерде мемлекеттік секторды реформалау саласы бойынша зерттеулер жүргізген.
Сондай-ақ профессор Колин Нокс 2016 жылдың 26 мамырында Астана экономикалық форумы аясында өтетін «Институционалдық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін кәсіби мемлекеттік аппарат» атты Жаһандық конференцияға негізгі спикерлердің бірі ретінде қатысып, сөз сөйлейді.
Семинар-тренинг барысында британдық сарапшылар мемлекеттік қызмет және басқару саласында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу тәжірибесімен бөліседі, зерттеу және модельдеудің инновациялық әдістері, әлеуметтік сауалнама, сұхбаттасу, фокус-топтарды және т.б. сапалық және сандық талдаудың қазіргі әдіснамасы туралы айтады.
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Әлемдегі эпиджағдай: Чехияда шектеу шаралары күшейтілді, Қытай тағы бір қаланы түгелдей сынақтан өткізуде -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Жамбылдықтар карантинге қарамастан үйлену тойлары мен беташарлар өткізуде – Сапарбаев -
ІІМ барлық өңірлерде дәрі-дәрмек құнының жоғарылауына байланысты полиция рейдтерін өткізуде -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Жаңа заң азаматтарға бейбіт жиынды өткізудегі құқығын басымдық ретінде бекітуде – Е.Қарин -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Ғалымдар төтенше жағдай кезінде фермерлерге арналған онлайн-кеңес өткізуде -
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)