- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы 9 салалық мемлекеттік орган 241 нысаналы индикаторға қол жеткізуді қамтамасыз етті
2015 жылы 9 салалық мемлекеттік орган 241 нысаналы индикаторға қол жеткізуді қамтамасыз етті
«39 индикаторға қол жеткізілген жоқ, ал 28 индикатор бойынша есепті деректер кейін жарияланатын болады»,-деді министр.
Қол жеткізілген 241 индикатор бойынша халықаралық рейтингілердегі позициялар мен әлеуметтік көрсеткіштер (Өмір сүру ұзақтығы жоспардағы, бастауыш білім беру сапасы және т.б.) жақсарды. Көптеген экономикалық индикаторлар жақсарды.
Сонымен қатар, 39 нысаналы индикаторға немесе барлық көрсеткіштердің 13%-іне қол жеткізілген жоқ
«Көптеген бағыттар бойынша институционалдық қадамдар қабылданды. Экономикалық индикаторлар бойынша объективтік артта қалулар да бар»,-деді ол.
Осылайша, «Білім беру» бағдарламасы бойынша жоспарланған 23 нысаналы индикатордан 20 индикатор бойынша қол жеткізілді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 130 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 62 мектеп республикалық бюджет есебінен салынды.
«Жұмыспен қамту жол картасы бойынша өткен жыл ішінде 4385 адам микрокредит алды, оның ішінде 4114-і өзінің меншікті ісін ашты. 13 мың адам қайта оқытудан өтті, оның ішінде 10 мыңы тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды. 2015 жылға көзделген 3 нысаналы индикаторладың екі индикатор бойынша нәтижелерге қол жеткізілді. Бір индикаторға қол жеткізілген жоқ»,-деді министр.
Онымен қатар, «Агробизнес 2020» бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуді өлшеу үшін 7 индикатор көзделген болатын, оның 4 индикаторына қол жеткізілді. Нәтижесінде жалпы астық жинау 18,7 миллион тоннаны құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 4,4 процентке ұлғайды. Көлік коммуникациясы бойынша 2020 жылы нәтижеге қол жеткізілетін 28 нысаналы индикатор көзделген. Қорытындысында 580 км автомобиль жолындағы жұмыстар аяқталды, 1 116 км жөнделді.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары