• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегі жыл қорытындысы бойынша өз өнім берушілері алдында 45 млрд. теңгені құрады

Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегі жыл қорытындысы бойынша өз өнім берушілері алдында 45 млрд. теңгені құрады

19 Мамыр, 2016 12:39
Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегі жыл қорытындысы бойынша өз өнім берушілері алдында 45 млрд. теңгені құрады, деді Бақыт Сұлтанов «2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» Үкімет есебінде.

«Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегі жыл қорытындысы бойынша өз өнім берушілері алдында 45 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 млрд. теңгеге аз», - деді ол.

Өнім берушілердің бюджет алдындағы дебиторлық берешегі 207 млрд. теңгені құрады. Мұндай берешек ағымдағы сипатта болады және өзіндік тән ұзақ мерзімді жобаларды аванстау болып табылады.

«Бұл келісімшарттар әскери техниканы жеткізу, жолдар салу және барлық жоба аяқталғаннан кейін ұсынылатын актілер», - деді министр.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар