- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр Серік Ахметов «Сарапшы-200-Қазақстан» форумына қатысты
Премьер-Министр Серік Ахметов «Сарапшы-200-Қазақстан» форумына қатысты
«Кәсіпкерлік мәселелерін кең ауқымда талқылауға арналған дәстүрлі алаң» ретінде форумның маңыздылығын атап өтіп, Үкімет басшысы Президенттің мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру саласындағы тапсырмаларын орындауға назар аударып, макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту бойынша шараларға тоқталды.
«2013 жылы экономиканың шамамен 6% өсуі күтілуде, инфляция да 6% дейін күтілуде», - деген С.Ахметов «бұл шарттар бюджетті толықтыруға, экономиканың секторларын дамыту бойынша бағдарламаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретіндігін» атап өтті.
«Өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын және АӨК басқа да секторларын дамытуға негіз болатын» ауыл шаруашылығының жаман емес қарқындарын атап өтіп, Үкімет басшысы Қазақстанда «жаңа сала – көліктік машина жасау пайда болды, одан әрі өсумен 150 дейін жолаушы вагоны шығарылады, келесі жылы тепловоздар жасау бойынша зауыт ашылады» деп хабарлады.
Экономиканың перспективалық салаларының ішінде сондай-ақ мұнай-газ, тау-кен секторы аталды. Олардың аясында мұнай-химия, агрохимия, азық-түлік өңдеу кластерлері қалыптастырылады. Соңғы бағыт Үкімет жұмысының басымдықтарының бірі болып табылады.
КО, БЭК, алдағы ДСҰ-на кіру шарттарында қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі мәселелеріне қатысты Үкімет басшысы технологиялар трансфертін, жаңа өндірістер құру, көлік инфрақұрылымын дамыту қажеттігін атап өтті.
Инвестициялық тартымдылықты нығайту маңызды бағыт болып қалуда. «Түсінікті ашық, қолжетімді ойын ережелері болуы тиіс. Мұнда келгісі келетін бизнес бұл ережелерді көруі тиіс», - деп атап өтті С.Ахметов осыған қатысты айтқан сөзінде.
Премьер-Министр Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының рөлін атап өтіп, ол «бизнеспен бір ауаны тыныстап, бизнесті қорғап, оның мүдделерін көрсетуі тиіс» деді.
С.Ахметовтің айтуынша, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды оңтайландыру қортындылары бойынша «қандай да бір бағдарламалар кейінге қалдырылып, екіншілері жойылуға қойылады, ал қалғандары толық мөлшерде қаржыландырылады». Тиімді бағдарламалар арасында «ШОБ дамуын және жалпы бизнесті нақты қолдайды» деп «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аталды.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық