- Басты
- Жаңалықтар
- Жергілікті полиция қызметкерлері Cемейде “Жолда қабылдау” республикалық акциясын өткізді
Жергілікті полиция қызметкерлері Cемейде “Жолда қабылдау” республикалық акциясын өткізді
Акцияның негізгі мақсаты құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік құрылымдардың имиджін көтеру, сондай-ақ, жол полициясының қызметіне деген қарапайым халықтың сенімін арттыру болып табылады.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен партия филиалының өкілдері Семей-Бородулиха трассасы аумағында көлік жүргізушілерін жол ережесі бойынша мазалап жүрген сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіп, заңдылық пен конституциялық құқықтарды сақтау мәселелері бойынша азаматтарға түсінік жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы.
Сондай-ақ шара барысында көлік жүргізушілері арнайы таратылған сауалнамалар толтырып, жол полициясының жұмысын бағалады. Сауалнамада жол сақшыларының азаматтармен қарым-қатынас кезінде өздерін қалай ұстайтындығы жөніндегі сұрақтар берілген.
Семей қаласында 2016 жыл басынан бері 107 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 17 адам қаза тапса, 121 адам жарақат алған. Оның ішінде 60 жаяу жүргіншіні қағып кету оқиғасы тіркеліп, салдарынан 7 адам қаза тауып, 56 адам жарақаттанған. Жол-көлік оқиғаларына әкеп соққан басты себеп ол жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдары.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді