- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Медициналық қызметкерлердің республикалық спартакиадасы басталды
Қазақстанда Медициналық қызметкерлердің республикалық спартакиадасы басталды
Аталған спартакиада медициналық қызметкерлер күніне қарай ұйымдастырылды. Оның мақсаты – медициналық қоғамды дене шынықтыру шараларына жұмылдыру және тұрғындардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Шара аясында мини-футболдан, волейболдан, жеңіл атлетикадан, үстел теннисінен, армреслингтен, сонымен қатар, арқан тарту, асық, қазақша күрес, қыз қуу, көкпар, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындар бойынша сайыстар өтеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше (әрі қарай - ДДСҰ) физикалық белсенділіктің төмендігінен диабет, жүрек-қантамыр аурулары мен онкоаурулардың асқынуы туындайды, сонымен бірге, әлемде өлім қаупінің төртінші маңызды факторы болып табылады. Дүние жүзінде әрбір үшінші ересек адамның белсенділігі жеткіліксіз екенін айта кеткен жөн.
ДДСҰ-ның анықтамасы бойынша физикалық белсенділік – дене қаңқа бұлшықеттерінің энергия шығынын талап ететін қандай да бір қозғалысқа түсуі. Оған жұмыс уақытындағы, ойын кезіндегі, үй шаруаларын орындау барысындағы, жол жүру, демалыс кезіндегі дене қозғалысы кіреді.
Жұқпалы емес аурулардың таралмауы мақсатында (әрі қарай - ЖЕА) ДДСҰ ЖЕА-ның профилактикасы мен онымен күресу шаралары бойынша 2013-2020 жылдарға арналған жаһандық іс-шаралар жоспарын қабылдады. Аталған жоспарды жүзеге асыру 2025 жылға қарай жүрек-қантамырлар, онкологиялық аурулардан мерзімінен бұрын болатын өлімді қысқартуға, диабет пен семіздіктің таралуын төмендетуге, созылмалы респираторлық ауруларды 25%, сондай-ақ, адамдардың физикалық белсенділігін 10%-ға арттыруға бағытталған 9 жаһандық мақсатты іске асыруға мүмкіндік береді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды