- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік басқару академиясы мен Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінің арасындағы ынтымақтастық Астанада талқыланды
Мемлекеттік басқару академиясы мен Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінің арасындағы ынтымақтастық Астанада талқыланды
Кездесуге Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінің Шығыс және Орталық Азия, Латын Америкасы департаментінің бас менеджері Эдисон Нго, «Temasek» Қорының директоры Стэнли Ли және Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері қатысты.
Ректор қонақтарға Академия қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, іске асырылатын халықаралық жобалар туралы айтты. Сонымен қатар Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жүйесі туралы толық ақпарат берілді.
Кездесу барысында Академия мен Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжі арасында ынтымақтастықты дамыту келешегі талқыланды. Сондай-ақ тараптар Мемлекеттік қызмет колледжі мен «Temasek» Қорының Академия және Сингапур базасында «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері үшін көшбасшылық пен адам ресурстарын дамыту бойынша бірлескен халықаралық жобасын ұйымдастыру туралы ұсынысын қарады.
Екі кезеңнен тұратын, аталған жобада көшбасшылық бойынша «А» корпусының өкілдері үшін, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы, Академиядағы НR-менеджмент бойынша жауапты қызметкерлер үшін білім беру семинарын өткізу көзделген. Ал жобаның екінші кезеңінде қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің адам ресурстарын дамыту бойынша озық тәжірибені зерделеуі үшін Сингапурға оқу сапарымен баруы жоспарланған.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері