- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Тұңғыш Президент қоры мен «Исаакиевский собор» музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды (ФОТО)
Астанада Тұңғыш Президент қоры мен «Исаакиевский собор» музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды (ФОТО)
Бүгін «Назарбаев орталық» ҚР Тұңғыш президентінің қоры – Ұлт көшбасшысы Ақмола облысы мен Астананың балалар үйінде тәрбиеленушілер мен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында, сондай-ақ музыка мектеп-интернатының оқушылары алдында алғаш рет Смольный соборының Камералық хоры көрінісін қойды. Концертпен қатар, қонақтарға «Петербург глазами Ангелов: взгляд с Исаакия» атты фотокөрме ұсынылды. Сонымен қатар, сапар аясында ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен «Исаакиевский собор» Мемлекеттік музей-ескерткіші арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов айтып өткендей, аталмыш кездесу екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсарта түседі.
«Бүгін біз ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен «Исаакиевский собор» Мемлекеттік музей-ескерткішімен бірге әзірленген жобаны таныстырмақпыз. «Диалог посредством культуры» атты біздің жобамыз елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты орнатуға септігін тигізеді. Меморандум арқасында Тұңғыш Президент қоры мәдениет, өнер, тарих, шеберлік сабақтары бойынша халықаралық сарапшыларды жұмылдыруға септік болады»,-деді ол.
Өз кезегінде Мемлекеттік музей-ескерткішінің директоры Николай Буров Астана мен Санкт-Петербургте ынтымақтастық бойынша үлкен жоспардың бар екендігін, оның ішінде мәдениет саласы бойынша екендігін атап өтті.
«Санкт-Петербургте Қазақстанға үлкен қызығушылықпен қарайды және бірінші кезекте Астана қаласына. Астана- әлдебір қала. 20 жыл бұруын туған қаланың күн сайын өсіп, өркендегеніне сену қиын. Астана мен Санкт-Петербург арасында түрлі сала бойынша әртүрлі жоспар бар. Ол үшін біз серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық»,-деді ол.
Ботагөз Айтжанова
Суретке түсірген Азамат Алиев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары