• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі талқыланды

Астанада Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі талқыланды

22 Қараша, 2013 15:30
Астанада «Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы: проблемалары, шешу жолдары мен болашағы» атты III халықаралық конференциясы басталды. Онда ТКШ, энергия үнемдеу, экология мен ТКШ-дағы «жасыл технологиялар», тұрғын үй қатынастарының тиімді басқаруы, ұйымдастыруы, құқықтық және экономикалық аспектілері мәселелері бойынша пікірталастық және пленарлық отырысы өтеді, деп хабарлайды «ҚазТКШОрталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Конференция 2010-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын іске асыру мен «Қуат үнемдеу-2020» бағдарламасының бірігуі аясында өткізіліп отыр. Негізгі мақсат тәжірибе алмасу үшін диалогтық алаң құру, көппәтерлі тұрғын үй қорын терможаңғырту мәселелерін талқылау, тұрғын үй қатынасының дамуәдістері мен тиімді механизмдерін құруға жаңа ұсыныстар айту,  біріккен жобалар мен бағдарламаларды талқылау, жаңа технологияларды енгізу мен инвестиция тарту, энерго ресурстарын жинақтау мәселесін шешу құралдарын құру», - делінген хабарламада.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының өңірлік даму министрі Болат Жәмішев, БҰҰ тұрақты координаторы және БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы тұрақты төрағасы Стивен Тулл, Қазақстан Республикасындағы Еуроодақ үкіметінің басшысы Аурелия Бушез және өзге де мемлекеттік қызметкерлер мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Күн тәртібінде ТКШ мен энергияны үнемдеуді жаңғырту, тұрғын үй қатынастарын дамыту мен жетілдіру, ТКШ саласына жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу. Сонымен қатар ТКШ жаңғыртудың заңнамалық және институциялдық негізі, ТКШ дамуы мен энергия үнемдеудегі халықаралық жобалар және де 2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасын іске асыру құралдары мен жаңа әдістері талқыланады.

Конференция аясында «Кондоминиум нысандарын басқару бойынша ең үздік ұйым-2013» республикалық байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өтеді.

Барлық жаңалықтар