- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында өндірілген мақсары майы Голландия мен Бельгияға экспортталуда
Жамбыл облысында өндірілген мақсары майы Голландия мен Бельгияға экспортталуда
Агроөнеркәсіп саласында табысты жұмыс істеп жатқан кәсіпорын-Қазақстан мен Иранның бірлескен жобасы. Май зауыты Шу ауданының Бірлік ауылында орналасқан.
"KazIrAgro" компаниясы 2011 жылы сафлор майын шығару үшін Германияда шығарылған жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған.
Май өндіретін зауыттың аумағы шамамен 8 гектар құрайды. Кәсіпорынның өз май цехі бар, астық және майлы дақылдарды өңдеуге және сақтауға арналған астық қабылдау пунктімен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталған.
Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 3000 литр май өндіру. Тұрақты жұмыс орындарымен 40 адам қамтамасыз етілген. Жұмысшылар арнайы курстардан өткен, күрделі техниканы оңай басқара алады.
Сондай- ақ, кәсіпорын басшылығы қайырымдылықпен белсенді түрде айналысып, аудандағы түрлі іс-шаралар акцияларына демеушілік көрсетеді.
Бүгінгі күні сафлор, арпа, бидай және рапс 3,5 мың гектар жерде өсіріледі. Ағымдағы жылы майлы дақылдарға арналған егістік алқаптарын 1,5 мың гектарға дейін ұлғайтқан компания жыл өткен сайын өнім көлемін де арттыруды жоспарлауда. Экспорт көлемінің ұлғаюы зауыт өндіріс көлемін көбейтуге мүмкіндік береді. Экологиялық таза өнім Голландия және Бельгияға жіберіледі. Өнімнің басты бөлігі бөлігі Қытай халық республикасына экспортталады.
Сондай-ақ тауар қажетті талаптарға сай сертификаттармен сәйкестендірілген, санитарлық-гигиеналық қорытындысымен расталған.
Мақсары майының жеңіл майсыз текстурасы теріге тез сіңеді. Оның қоректендіргіш қасиеттерін зәйтүн майымен салыстыруға болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады