- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Нағыз зиялы білімді ғана болып қоймай, ең бастысы – қуанышта да, қиын сәттерде де әрдайым жұртпен бірге болады
Н.Назарбаев: Нағыз зиялы білімді ғана болып қоймай, ең бастысы – қуанышта да, қиын сәттерде де әрдайым жұртпен бірге болады
Нұрсұлтан Назарбаев О.Сүлейменовті 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның отандық зиялы қауымның көрнекті өкілі екенін атап өтті.
« Нағыз зиялы білімді ғана болып қоймай, ең бастысы – қуанышта да, қиын сәттерде де әрдайым жұртпен бірге болып, ар-намыстың үлгісін көрсетеді, сол арқылы халық бірлігі мен мемлекет қуатын сақтайды. Сіз «Невада-Семей» қозғалысын басқардыңыз және Семей ядролық полигонын жабу ісінде зор көмек көрсеттіңіз. Кейінгі жылдары да жеңіл болған жоқ. Қазақстан шекарасының демаркациясын жүргізіп, тәуелсіздігін нығайту керек болды. Бұл іске де Сіздің үлесіңіз бар. Бүгінде зиялы қауым өкілдері мен бүкіл жастарымыз үшін үлгісіз», – деді Мемлекет басшысы.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев отандық әдебиетті дамытуға айрықша үлес қосқаны үшін, сондай-ақ татулық пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін О.Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызын тапсырды.
Мемлекет басшысы ақынға мықты денсаулық, отбасы бақытын және шығармашылық табыс тіледі.
О.Сүлейменов жоғары атақ берілгені үшін алғысын білдірді және бұл бүкіл Қазақстан әдебиетін қолдаудың көрсеткіші екенін айтты. Ол сондай-ақ өз шығармаларының барлығы халық пен елдің игілігін арттыру ниетімен жазылғанын айтып, мемлекетімізге бақытты болашақ тіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді