• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысының ауыл әкімдеріне кәсіпкерлікті қолдауды күшейту тапсырылды

Жамбыл облысының ауыл әкімдеріне кәсіпкерлікті қолдауды күшейту тапсырылды

22 Қараша, 2013 15:44
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бойынша өңіраралық конференция аясында Жамбыл облысы әкімі Қанат Бозымбаев ауылдық округ әкімдерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

«Өңір басшысы шағын және орта кәсіпкерліктің үкіметпен бірігіп жұмыс істеуі жөнінде нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылыуына кәсіпкерліктердің ат салысуы, үдемелі индустриялды инновациялық даму, «Бизнестің жол картасы-2020» мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары аталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кездесуде облыстың «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша рейтингтік көрсеткіші айтылды.

Кездесу барысында облыс әкімі «ауылдық округтың әкімі – мемлекттік саясатты орындауда маңызды тұлға екенін, оның тәжірибесі мен білімі, мәселелерді шешу шеберлігі ауыл тұрғындары үшін өте маңызды екенін айтты.

Барлық жаңалықтар