- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық көрмесінде әлемнің 35 елі өз өнімін ұсынады
Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық көрмесінде әлемнің 35 елі өз өнімін ұсынады
Сонымен, өзінің өнімін 35 елдің, яғни, Ресей, Түркия, Германия, Канада, Корея, Франция және көптеген басқа елдердің жетекші қорғаныс фирмалары көрсететін болады. Бүгінгі таңда Астана халықаралық әуежайының әскери секторында «KADEX-2016» халықаралық көрмесіне қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде, павильондардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жақын арада көрмеде көрсетілетін әскери техниканың келуі басталады.
Халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі қорғаныс өнеркәсібі және мамандардың пікір алмасуы аясындағы соңғы жетістіктердің керемет алаңына айналды. Экспозициялардың біршама бөлігін жоғары технологиялық танкіге қарсы зымыран кешендері мен шабуылдау қару-жарақтарын көрсете отырып, Ресей Федерациясы ұсынады. Ресейде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жасауда «КБП» АҚ зауытының 85 жылдық тәжірибесі бар. «Вологда оптика-механикалық зауыты» АҚ жетекші ресейлік өндірушілер шығаратын броньды танкті техникаға арналған атысты басқарудың көп арналы тұрақтандырылған жүйелерін (Т-90, Т-80У, БМП-3, БТР-80, МТ-ЛБМ) көрсетеді. Зауыт жылу визиялық приборлар мен кешендерге сервистік қызмет көрсетеді және жүзеге асырады.
«Швабе» инновациялық оптикалық холдингтің құрамына кіреді. Ортақ мақсаттағы турбобұрандалы ұшақтарды шығаруда көшбасшы болып саналатын Канада елі «жоғары пилотаж» көрсетеді. Көрме шеңберінде әлемдік дәрежедегі «Viking Air Ltd» әуе ғарыштық компаниясы шығарған «Series – 400» 19 орындық әуе кемесінің көрсетілімі өтеді. Зауыт дәстүрлі әуе кемелерінің әлемдік парктеріне арналған жабдықты өндіреді. Зымыран жүйелерінің әлемдік өндірушісі Франция да қалыс қалар емес. «MBDA» компаниясы әрбір қарулы күштерінің басқарылатын қаруының жерүсті, теңіз және әуе жүйесінің талаптарын қанағаттандыру үшін арналған өнімнің түр-түрін ұсынады. Экспозицияның біршама бөлігін Қазақстан Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін өнім шығаратын қазақстандық өндірістің өкілдері ұсынатынын айта кеткен жөн.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді