- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова: Қазақстан Ресеймен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа аса зор мән береді
Г.Әбдіқалықова: Қазақстан Ресеймен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа аса зор мән береді
Кездесуге ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы М.Қасымбеков, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайының директоры А.Сағынғали қатысты.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығына зор мән беретінін атап өтті. Г.Әбдіқалықова Тұңғыш Президент мұражайы мен «Исаакий соборы» ескерткіш-музейінің халықты, ең әуелі өскелең ұрпақты тарихи және рухани тәрбиелеудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру ісіндегі табысты серіктестігіне жоғары баға берді.
2015 жылы Санкт-Петербургте өткен, Нұрсұлтан Назарбаевтың бірегей көшбасшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның жетістіктерін паш етуге бағытталған «Қазақстан жолы» атты көшпелі көрме тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып саналады. Рухани-мәдени саладағы жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан мен Ресейдің азаматтыққа және патриотизмге, ғасырлар бойы қалыптасқан тату көршілік пен одақтастық дәстүрге негізделген стратегиялық серіктестік қағидаттарына адалдық рухында тәрбиелеу ісіндегі басымдықтары жан-жақты кеңейе түседі және тереңдей береді.
Г.Әбдіқалықова бірлескен жобаларды алдағы уақытта музейлер арасындағы ынтымақтастық пен кең ауқымды қоғамдық диалог негізінде жүзеге асыру мәдени мұраны насихаттауға, полиэтникалық қоғамдарымыздағы азаматтық сананы тәрбиелеуге септесетініне сенім білдірді.
Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы «Исаакий соборы» Мемлекеттік ескерткіш-музейінің директоры Н.Буровқа Қазақстан-Ресей мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту және дамыту жолында табыс тіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады