- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында тұшытқыш станциясын салу жоспарланып отыр
Маңғыстау облысында тұшытқыш станциясын салу жоспарланып отыр
Отырыс барысында облыстық маслихат депуттатары мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бәсекеге қабілетті өнім өндіруді дамытуға және қайта өңдеумен айналысатын өндіріс кәсіпорындарын кеңейтуге қолайлы жағдай жасау бойынша атқарылатын алдағы шараларды талқылады.
Жұмыс тобының алғашқы отырысы «Ата кәсіпке – бір қадам» атты көрме жәрмеңкесімен ашылып, ауданның түкпір-түкпірінен келген 20 ауыл шаруашылық өндірушілері өз өнімдерімен таныстырды. Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев кәсіпкерлікті дамытуға зор үлесін қосқаны үшін «Сенек» ЖШС директоры Қалпақ Наурызмағанбетті, «Таушық АШ» ЖШС директоры Айбек Қосуақовты, жеке кәсіпкерлер Ақкенже Жақай, Абай Жәдігерев және Ақшагүл Қарымсақованы, «Беласар» шаруа қожалығының басшысы Темірбек Айбергеновті, «Ораз-Мұхамбет» ЖШС директоры Исатай Сақтағановты, «СХП Мерей» ЖШС коммерциялық директоры Серікжан Хамзинді және «Заңғар-Асу» қоғамдық кеңесінің төрағасы Аққалам Дүйсенбаеваны алғыс хатпен марапаттады.
"Маңғыстау облысының климаты қиын, оның үстіне тұщы су көзінің болмауы да өңірдегі ауыл шаруашылығының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Алайда, барлық қиындықтарға қарамастан Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы жақсы дамып келеді. Біздің фермерлердің еңбекқорлығы пен табандылығының арқасында пайда болған жемістерді бүгінгі жәрмеңкеден көруге болады. Біз – кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдар, бірлесіп отырып, агроөнеркәсіптік секторды әрі қарай жандандыру үшін әлі де жұмыстанатын боламыз", - деді Алик Айдарбаев.
Ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты «100 Нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру және ұсыныстарды қайта қарау үшін облыстық маслихат депуттарынан тұратын жұмысшы тобы құрылды. Топтың өкілдері шаруа қожалықтарында болып, агроөнеркәсіп секторларында жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлермен кездесті. Комиссия мүшелері қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың қуатын күшейту мен өндірілетін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстарын экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы барысында баяндады. Жиналыстың қорытындысы бойынша Алик Айдарбаев экономиканың ауыл шаруашылығы секторындағы субъектілерге қолдау көрсету, соның ішінде, Кендірлі жеріндегі тұщыту бекетінің құрылысы үшін техникалық-экономикалық негіздемені жасақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр