Динара Шақарова: «Болашақ» бағдарламасы ұлттық мақтанышқа айналды

22 Қараша, 2013 15:14
«Болашақ» шәкіртақысының иегері, маркетинг магистрі (Msc in Marketing, Stirling University, Ұлыбритания) Динара Шақарова келешек болашақтықтарға өз тәжірибесінің білімімен бөлісті.

Сіз үшін «Болашақ» бағдарламасы қандай мәнге ие?

- Біріншіден, бағдарлама ұлттық мәртебеге ие.Өзге елде күнелтуге кететін қаржы да қарастырылған. Кітаптарды иелену, күнделікті тамақтану сынды әрекеттерге кететін қаржы Форбс журналына енген бір кәсіпкердің ақшасы емес, ол қазақстандық салық төлеушілердің қаржысы. Оның ішінде менің ата-анам, туған-туыстарым, жүре-жекжаттарым да бар. Сен өз халқыңның қаржысына оқып жатасың, бұл үлкен жауапкершілік. Екіншіден, жеңімпаз атанып, алға шығу да үлкен мәртебе. Үшіншіден, сенің дипломың халықаралық стандартта екені де қуантады. Білім, өзге тіл, мәдениетін жетік меңгере аласың. Осының барлығы менің жұмысымды қызықты, жан-жақты етеді.

-Сіздің конкурсқа қатысуыңызға не себеп болды?

-Мен маркетинг саласында 6 жыл қызмет еткеннен кейін халықаралық стандарт бойынша диплом тәжірибесіне ие болу артық болмайды деп ойладым. Сондықтан, бір жыл академиялық демалыс алып, жаңа білім нәрін сусындатсам деп өзге елге кету қызығушылығым өсті. Таңдауым Ұлыбританияға түсті. Оның ішінде Шотландия штатына – кішкентай, жылы қала.

-Бағдарлама бойынша білім алғаннан кейін мансабыңыз қалай құрылды?

Біріншіден, «Қазатомпром» ұлттық компаниясына жұмысқа орналастым. Нақтырақ, халықаралық жобалар мен стратегия департаментіне. Ол жерге мені 4 әңгімелесуден кейін алды. Бұл жерде жапон тілін меңгергенім рөл ойнады.

Алайда, 4 айдан кейін мен бұл менің салам емес екенін түсіндім. Өз тәжірибем мен білімімді шыңдау үшін бәсекелестіктің нық ортасы керек болды. «Қазатомпром» компаниясының бәсекелесі болмады, меніңше бұл әлемдегі нөмірі бірінші атом компаниясы. Сол үшін мен ол жерден кетіп, басқа шыңдалатын жер іздедім. Қазір бір жылдан артық уақыт бойы «Success K» медиа агенттігінде қызмет етемін. Өзіме жаңа бағыт пен мақсат қойып, соған жету жолындамын.

-Келешек болашақтықтар үшін айтатын тілектеріңіз?

-Болашақтықтар үшін бір кеңесім бар. ЖОО рейтингіне емес, кәсіптік құрылымына көңіл бөліңіз. Оқуға кіріспес бұрын, кім дәріс оқитындығын, пәніңіздің ерекшеліктерін меңгеріп алған жөн.

Шетелде волонтер қызметі жақсы дамыған. Егер уақытыңыз болса, әлеуметтік нысанды таңдап алып отбасыңызға көмек көрсетуге тырысыңыз. Мәселен, біз басқа отандастарымызбен бірігіп «Best for Kids» (www.bestforkids.kz) қоғамдық қорын құрдық. Ол Ақкөл мен Жолымбет қалаларындағы жетім балалардың көмегіне жұмсалды.

Ақпарат бөлісуге мүмкіндік бергендеріңізге рахмет, Сәттілік!

Барлық жаңалықтар