• Басты
  • Жаңалықтар
  • KAZNEX INVEST: 2017 жылдан бастап енетін сандық жұмыс инвесторлар мен меморгандардың өзара қарым-қатынасын үзеді

KAZNEX INVEST: 2017 жылдан бастап енетін сандық жұмыс инвесторлар мен меморгандардың өзара қарым-қатынасын үзеді

18 Мамыр, 2016 15:37
2017 жылдан бастап енетін сандық жұмыс инвесторлар мен меморгандардың өзара қарым-қатынасын үзеді, деді «KAZNEX INVEST» АҚ инвестициялық блок жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов журналистерге берген сұхбатында.

«Біз инвесторларға бизнесті енгізуді жеңілдету бойынша жұмыс істейміз. Әлемдік экономикаға сүйенсек, инвестициялар мен даму министрлігінің бастамасымен  инвесторлар үшін «бір терезе» құрылды, ал 19 сектор бойынша инвесторларға өңірлерде қызмет көрсетеді. Инвестор бір органнан екінші органға барып сарылмайды, «Бір терезеге» жүгінсе жеткілікті, онда 300 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру құжаттары мен стандартқа сай құжаттарды тексеру және қажетті меморгандар тізімі көрсетіледі», - деді ол.

Қ.Қармановтың айтуынша, 2016 жылдың 4 айы ішінде «бір терезеге» 400 инвестор жүгінді.

«2017 жылдан бастап енетін сандық жұмыс инвесторлар мен меморгандардың өзара  қарым-қатынасын үзеді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова
 

Барлық жаңалықтар