- Басты
- Жаңалықтар
- Качир ауданы бюджетінің игерілуі 95 пайызды құрайды – әкім
Качир ауданы бюджетінің игерілуі 95 пайызды құрайды – әкім
Кеңес барысында облыс әкімі бюджеттің меңгерілуіне баса назар аударды. Качир ауданы бюджетінің игерілуі 95 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша салықтық түсімдердің берешегі 6292,9 мың теңге. Облыс әкімі Качир ауданында көліктен жиналатын салықтың түсімдері өзге аудандармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екендігін, сондай-ақ, Качир ауданы барлық көрсеткіштер бойынша тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімнің көлемі 1315,0 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 106,1%-ға өскен. Ауданда суармалы жер алқаптарын ұлғайту жұмысы жүргізіліп келеді. Өткен жылы суармалы егістіктердің аумағы 1017 га болса, осы жылдың аяғына дейін суармалы егістіктердің ауданын 3275 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың 1-ші сәуіріндегі жағдай бойынша аудандағы шағын және орта бизнес нысандарының саны 1293 бірлікті құрады (2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 110,6 %). Ауданның шағын және орта бизнес саласында 1742 адам жұүмыспен қамтылған (2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 122,6%).
Биылғы жылы жеке инвестициялар есебінен Байқоныс ауылындағы шұжық цехының («Иларбек» ШҚ) жабдығы 12,0 млн.теңге инвестициялар сомасына жаңғыртылды және Тереңкөл ауылындағы 60 млн. теңгеге «Greеn Hause» ЖШС-ің диірмен кешенінің модернизациясы жүргізілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аудан басшысы Жанат Шұғаевқа бюджеттің меңгерілуіне баса назар аударуды міндеттеді. Сонымен бірге, аймақ басшысы жол жиегіндегі бизнесті дамыту, аудан жолдарын жөндеуге бөлінетін қаражатты көбейту, инвесторлармен жұмысты күшейту, OTAU TV сандық телевидениесін енгізу, Тереңкөл ауылында жас мамандарға арналған 16 пәтерлі жатақхананың құрылысын және «Green Hause» ЖШС-ің диірмен кешенінің модернизациясын бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды»