- Басты
- Жаңалықтар
- Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасын өткізуге шетелдік әріптестерін шақырды
Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасын өткізуге шетелдік әріптестерін шақырды
«Пленарлы сессияда сөз алған Н.Қаппаров Қазақстанның климат ауытқуларына қарсы ұйымдастырылған шараларға қатысқанын және болашақта да осы бетінен айнымайтынын айтты. Министрдің айтуынша, биылғы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту Тұжырымдамасы мақұлданды. Аталмыш тұжырымдама су ресурстарын сақтау, энергетикалық қорды жаңғырту мен экономикадағы қуатты ысырап етуді азайтуға бағытталған. Біздің еліміз зиянды газды атмосфераға таратпау мақсатындағы шараларды ерікті түрде қолға ала отырып экономикада көмірқышқыл газын азайту жұмыстарын жалғастыра беретін болады. Ол үшін дәстүрлі емес энергия көздерін ашып, баламалы қуат көздерін жетілдіріп, «cap&trade» ұстанымын жолға қоймақ. Қазақстанда сауд-саттық қалдықтарының ауаны улау үлесі жалпы экологиялық ластанудың 50 пайызын құрайды», - делінген хабарламада.
Өз сөзінде еліміздің бас экологы конференция делегаттарын «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырып, «Жасыл өткел» әріптеслік бағдарламасына ат салысуды ұсынды.
Айта кету керек, халықаралық климаттық келіссөзде Қазақстан парниктік газ қалдықтарын таратуды шектеу мен климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша міндетті елдердің барлық мүше мемлекеттер тарапынан 2015 жылы қол қойылып, 2020 жылы күшіне енетін жаңа келісімін құруға қатысып отыр.
Сапар барысында министр Қаппаров БҰҰ Шекті Конвенциясы тараптарының 19-ыншы конференциясының атқарушы хатшысы К.Фигуереспен, климаттың өзгеруі мәселесі туралы Еуропа комиссары К.Хэдэгаардпен, ЮНЕП-тің атқарушы директоры А. Штейнермен, Финляндияның қоршаған орта министрі В.Ниинистомен, КХР-ның даму мен реформа мемлекеттік комитеті төрағасы Ж.Ксимен, Польшаның қоршаған ортаны қорғау министрі М.Королецпен, қоқыстарды саудалау халықаралық қауымдастығының бас атқарушы директоры Ф. Форристермен екіжақты жұмыс кездесулерін өткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері