- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери медиктер мен мергендер 2016 жылғы Армия ойындарының халықаралық кезеңіне дайындықты бастады (ФОТО)
Әскери медиктер мен мергендер 2016 жылғы Армия ойындарының халықаралық кезеңіне дайындықты бастады (ФОТО)
«Әскери-медициналық эстафета» және «Мерген шебі» байқауларына дайындық басталып та кетті. Онда 2016 жылғы Армия ойындарының халықаралық кезеңдеріне қатысатын қазақстандық Қарулы Күштердің ең үздік әскери қызметшілері іріктелетін болады. Дайындық жаттықтыруларында ҚР Қарулы Күштерінің 415-ке жуық әскери қызметшісі қатысады.
Еліміздің шамамен 120 бірлік әскери техникасы тартылды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері «Танк биатлоны», «Мерген шебі», «Десанттық взвод», «Артиллериялық атыс шеберлері», «Әскери-медициналық эстафета» және көптеген басқа да байқаулар бойынша сайыстың барлық кезеңдерін аяқтағандарын естеріңізге сала кетейік. Барлық қатысушылар кедергілерді еңсерді, қойылған тапсырмаларды орындады және өздерінің жауынгерлік даярлықтарын көрсетті.
Биылғы жылы Армия халықаралық ойындары-2016 алғаш рет Қазақстанның аумағында да өтетінін айта кеткен жөн. Онда әскери қызметшілеріміз «Мерген шебі» және «Артиллериялық атыс шеберлері» атты екі байқау бойынша тартысқа түсетін болады. Қалған байқауларға қатысу үшін халықаралық кезеңге дайындықты аяқтағаннан кейін үздік қатысушылар Ресей Федерациясында бақ сынасуды жалғастырады. Онда қарсыластары отандастары емес, ал шетел армияларының әскери қызметшілері болмақ. Мұндай іс-шаралар әскери қызметшілер үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін де аса маңызды. Аталмыш іс-шара өзге елдердің әскери қызметшілері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Әрбір қатысушының жауынгерлік даярлығын арттырып, әскери халықаралық ынтымақтастықты нығайта түседі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады